^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 31 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда жұртшылықпен «Денсаулық туралы» жаңа кодекс талқылануда
24 ақпан 2020

Бүгін Алматы қаласындағы Достық үйінде "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" жаңа Кодекс жобасының нормаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтуде.

 

Бұл шараға Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, үкіметтік емес сектордың, кәсіподақ ұйымдарының, еліміздің медицина ұйымдарының өкілдері, денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.  Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров құттықтау сөзінде шараның заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізгенге дейін жұртшылықпен, медициналық ұйымдардың өкілдерімен кең, ашық талқылауға бағытталғанын атап өтті.

"Құжат денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қазір бар пікірлерді ескере отырып әзірленген", - деді Е. Бабақұмаров. Кодекс жобасы әлемдік тәжірибені үйрену негізінде және ДДҰ ұсыныстарына сәйкес әзірленді. Бүгінгі күні жұртшылықпен 7 рет жария талқылау өткізілді,  "Ашық нормативтік-құқықтық актілер " порталында 5 рет жарияланды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Зәуреш Аманжолова жұмыс тобына 53 адам енетінін, олар  жұртшылық  сараптамалық қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері екенін хабарлады. Кодекс жобасын талқылау бойынша 24 отырыс өтті, жұртшылықтан 791 ұсыныс түсті. Оның 600-ге жуығы қабылданды, 200-і пысықталуда. Талқылау процесі жалғасуда.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Кодекс жобасын белсенді және ашық талқылаудың маңыздылығын атап өтті. Министр отандық азаматтардың денсаулығын сақтау шараларын жетілдіру үшін медицина өзгерістерді талап ететінін атап өтті.

Е. Біртанов заңнамалық өзгерістерді жұртшылықпен талқылаудың маңыздылығын баса айтты және белсенді диалогқа шақырды. Кодекстің жобасы алғаш рет  бір жыл бұрын Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланды.

Жаңа Кодекс жобасын қабылдау нәтижесінде ұлт денсаулығын нығайту және сақтау, азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылауды, медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыру, медициналық ғылымды дамыту, денсаулық сақтауды цифрландыру түріндег тиімділікті арттыру күтілуде.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев блок-бекеттерде қызмет еткен азаматтарға алғыс айтты »»
31 мамыр 2020 - 11:53
Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында 1 маусымға қараған түні қала периметрі бойынша орналасқан кедергілердің алынатынын хабарлады. Сондай-ақ ол блок-бекеттерде жұмыс істеген барлық қызметкерлерге алғысын білдірді.   «1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттерді аламыз. ТЖ режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл – коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды. Барлық полиция...
Алматыда Аntikorortalygy сервис орталығы іске қосылды
30 мамыр 2020 - 17:42
Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қоғамдық қабылдау форматында (Open Space) жаңа Аntikorortalygy сервис орталығы ашылды.   Орталықтың ашылуына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары И. Рогов, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар, академиялық орта мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Бұл орталық халықпен өзара байланыс орнатуда жаңа тиімді форма болып табылады және аза...
30 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
30 мамыр 2020 - 13:49
Кіреберістер мен аулалар бойынша 29 мамырға жоспарланған 8363 кіреберіс (3038 үйде) және 1440 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 454 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 77,7 мың. литр дайын ерітінді қолданылды. 30 мамырдағы заласыздардырудың үшінші күні жоспар бойынша 2703 үйдің 7442 кіреберісі мен 1348 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 411 адамы бар 59 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 29 мамыр күні 4 602 мың шаршы метр көше, оны...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz