^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 30 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Аружан Саин: 16 жастан бастап репродуктивті денсаулық бойынша дәрігердің кеңесін алу балалардың денсаулығын сақтайды
24 ақпан 2020

Алматыда "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" жаңа кодекстің жобасы талқыланды.

 

Жиында балалардың жыныстық қатынас тақырыбына ерте араласу мәселесі қаралды. Қолданыстағы кодексте кәмелетке толмағандардың репродуктивті денсаулығын сақтауға, сондай-ақ адамгершілік-жыныстық тәрбие алуға құқығы белгіленген.

Жаңа Кодекстің жобасымен аталған құқық неғұрлым егжей-тегжейлі регламенттеледі, өйткені репродуктивті денсаулықты қорғау және адамгершілік-жыныстық тәрбие алу дұрыс жыныстық мінез-құлық туралы ақпараттандырылуға байланысты. Дұрыс жыныстық мінез-құлықтың мақсаты ‐ қажетсіз жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуын алдын алу болып табылады.

Өз кезегінде осы мәселені реттеу мақсатында ақпаратты келесі жазбадағыдай көрсету ұсынылады:

"Әрбір бала қажетсіз жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуын болдырмау мақсатында репродуктивті денсаулығын сақтау туралы ақпаратты қолжетімді нысанда алуға құқылы".

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин 16 жастан бастап дәрігердің кеңесін алуға рұқсат беру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл балалардың денсаулығы мен өмірін қорғайды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, осы Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Зәуреш Аманжолова репродуктивті денсаулық бойынша дәрігердің консультациялық көмегі туралы норманы бекіту жоспарланғанын түсіндірді. Бүгінгі таңда Қазақстанда репродуктивті медицина мектебі бар, кеңес алу үшін педагогикалық ұжымның рұқсаты қажет.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
30 наурыз 2020 - 17:40
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында қалада барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады.   Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемеден қарау керек: https://almaty.gov.kz/page.php?page_id=4099&lang=1&news_id=17206 Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, төменде берілген нысандарды толтыру қажет: - Компаниялар бойынш...
Алматыда онлайн жаттығу өтеді
30 наурыз 2020 - 11:34
Алматы қаласының Спорт басқармасы карантин кезінде спортпен шұғылдануды және үйде пайдалы уақыт өткізуді ұсынады.   Төмендегі сілтемелер бойынша онлайн жаттығуларды жоғары дәрежелі мамандар жүргізеді. Кестеге сәйкес ыңғайлы уақытты және сүйікті спорт түрін таңдай аласыздар. Үйде болыңыздар!   Дүйсенбі 10.00-10.30 с. – @rovald сілтемесі бойынша спорттық билер. 10.00-10.30 с. – @tulapin сілтемесі бойынша жеңілатлетшілердің жаттығулары. 11.00-11.15 с. – @armyzoj сілтемесі бой...
ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді »»
29 наурыз 2020 - 16:13
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.   Бірінші. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді. Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді: - орта, шағын және ми...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56