^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 8 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының сәулетшілері мен белсенділері мегаполистің дамуын талқылады
25 ақпан 2020

Қазір 30 қоғамдық кеңістіктің жобалары әзірленуде.

 

Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінде кешенді іс-қимылды қажет ететін шешімдерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.

 

"Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінде кешенді іс-қимылды қажет ететін шешімдерді талқыладық. Бүгін біз Алматының Бас жоспарына түзетулер енгізу бойынша жұмыс істеудеміз. Ол орталықтандыру қағидатына негізделген мегаполистің эволюциялық дамуының барлық негізгі тетіктерін қамтитын болады. Бұл ретте бізге ғұмырын сәулет саласына арнаған кәсіпқой мамандар қажет. Мысалы, қазіргі кезде 30 қоғамдық кеңістіктің жобалары әзірленуде. Олар негізгі сипаттары ғана емес, сонымен қатар эстетикалық толықтығымен де тартымды болулары тиіс. Жалпы, біз «Алматы-2050» Стратегиясында ескерілген сәулеттік шеберліктің дамуына жаңа серпіліс беруді ниет етудеміз. Іскерлік кеңес жанындағы креативті индустрия комитеті қаланы дамытудың ағымдық және перспективалық мәселелері бойынша пікір алысатын пәрменді диалог алаңына айналуы тиіс" - деп жазды қала әкімі.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы бекітілді »»
06 сәуір 2020 - 19:33
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.   – Бізде 64 түрлі азық-түлік өнімдері бар, оның 19-ы әлеуметтік маңызы бар тағам түрлеріне жатады. Соның ішіндегі 9 түрлі азық-түлік өніміне шекті бағалар қойылып отыр. Атап айтар болсам, бірінші сортты бидай ұны – 211 тг/кг, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) – 80-теңгеге дейін, рожки (өлшеніп сал...
7 сәуірден бастап Алматы қаласында жүруге арналған барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады »»
06 сәуір 2020 - 18:55
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабпен карантин кезінде жұмысты жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы құрылды.   Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді. Аталмыш ұйымдардан өтінімдер 1-2 сәуірге дейін қабылданды. Мекеме басшылары қызметкерлеріне 6 сәуірге дейін жарамды анықтамалар берд...
Алматыда тұрғын үй қорын дезинфекциялау қарқынды жүргізілуде »»
06 сәуір 2020 - 10:19
Аптасына екі рет көппәтерлі тұрғын үйлерің әр кіреберісі мен аула аумақтары залалсыздандырылады.   Айта кету керек, төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың шешімімен 25 наурыздан барлық жердегі тұрғын үй қорын дезинфекциялауды арнайы компаниялар жүргізе бастады. Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында атап өткендей, бұл жұмысқа тартылған барлық мердігерлік ұйымдардың тиісті біліктілігі бар, штаттық құрамы жеткілікті және толығымен жабдықталған. Бұл құралдар вирустың қоздырғыштарына, ж...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56