^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 8 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы құрылысшылары қазмазмұнды ұлғайтуға және әлеуметтік нысандарды салуға дайын
26 ақпан 2020

Алматы әкімі Б. Сағынтаев қаланы дамытуға қатысты проблемалық мәселелерді талқылау үшін құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті.

 

Мегаполисте тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары. Егер өткен жылы 2,1 млн шаршы метрге жуық үй пайдалануға берілсе, биылғы жылы шамамен 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 19,5 мың пәтер салу жоспарланған. Оның ішінде, 1553 мың шаршы метр коммерциялық құрылыс немесе 16029 пәтер, 593 мың шаршы метр жеке тұрғын үй немесе 2374 тұрғын үй. Мемлекеттік бюджет еесбінен 64,5 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1130 пәтер салу жоспарлануда.

Қала әкімі Б. Сағынтаев атап өткендей, салынған әрбір жаңа үй өмір сүруді қамтамасыз ету жүйесіне жүктеме түсіреді. Мысалы, тек Наурызбай ауданының өзінде ғана шамамен 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осыған орай, қаланың жол-көлік инфрақұрылымының жүктемесі артуда. Сондықтан әкімнің айтуынша, Абай даңғылын үңгілеу жұмыстарының қарқынын төмендетпеу маңызды.

Айта кетерлігі, эконом-сыныпты үйлерге инженерлік коммуникацияларды жүргізген кезде пәтерлердің қолжетімділігіне мән берілетін болады.

Аса маңызды мәселенің бірі - қалалықтар санының артуына орай әлеуметтік нысандарға түсетін жүктеменің ұлғаюы. Құрылыс компанияларының басшылары бұл проблеманы бірге шешуге дайын екендіктерін білдірді. Кешенді құрылыс барысында мектептерге, бала бақшаларға, емханаларға түсетін жүктемені алдын ала болжап, әлеуметтік нысандарды салудың тетіктері анықталатын болады.

Бос алаңдардың тапшылығынан құрылыс нарығына қатысушылармен бірге «Ескі үй» бағдарламасының маңызы артады. Бүгінгі күні қалада 1440 үй осы санатқа жатады.

Салынатын әр шаршы метрдің қолжетімділігі үшін құрылысты жүргізушілер отандық өндірушілерден құрылыс және әрлеу материалдарын сатып алу көлемін ұлғайтуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Мұнда әңгіме санфаянс, кафель, кабель, сантехника және басқа өнімдер туралы болуда. Басты шарт – сапаның халықаралық стандарттарына сай болу. Сондықтан қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматының Индустриалды аймағындағы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жандандырылады.

Кездесу барысында құрылысты салушыларға әкімдіктің қаланың тарихи орталығында және аулаларда орналасқан учаскелерде үй салуға тыйым салатын позициясының еш өзгермейтіні тағы бір рет ескертілді.

«Қала өсуде, сондықтан құрылыс мегаполистің жетекші драйвері болып қала береді. Мұнда барлық тараптардың – әкімдіктің, құрылысшылардың және тұрғындардың мүдделерін сақтау маңызды. Бұған ашық диалог арқылы қолжеткізуге болады. Оны тұрақты жүргізетін боламыз»,- деп атап өтті кездесуді қорытындылаған Б. Сағынтаев.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы бекітілді »»
06 сәуір 2020 - 19:33
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.   – Бізде 64 түрлі азық-түлік өнімдері бар, оның 19-ы әлеуметтік маңызы бар тағам түрлеріне жатады. Соның ішіндегі 9 түрлі азық-түлік өніміне шекті бағалар қойылып отыр. Атап айтар болсам, бірінші сортты бидай ұны – 211 тг/кг, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) – 80-теңгеге дейін, рожки (өлшеніп сал...
7 сәуірден бастап Алматы қаласында жүруге арналған барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады »»
06 сәуір 2020 - 18:55
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабпен карантин кезінде жұмысты жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы құрылды.   Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді. Аталмыш ұйымдардан өтінімдер 1-2 сәуірге дейін қабылданды. Мекеме басшылары қызметкерлеріне 6 сәуірге дейін жарамды анықтамалар берд...
Алматыда тұрғын үй қорын дезинфекциялау қарқынды жүргізілуде »»
06 сәуір 2020 - 10:19
Аптасына екі рет көппәтерлі тұрғын үйлерің әр кіреберісі мен аула аумақтары залалсыздандырылады.   Айта кету керек, төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың шешімімен 25 наурыздан барлық жердегі тұрғын үй қорын дезинфекциялауды арнайы компаниялар жүргізе бастады. Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында атап өткендей, бұл жұмысқа тартылған барлық мердігерлік ұйымдардың тиісті біліктілігі бар, штаттық құрамы жеткілікті және толығымен жабдықталған. Бұл құралдар вирустың қоздырғыштарына, ж...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56