^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 5 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы кәсіпкерлері #BizВirgemiz акциясына қосылуға шақырады
24 наурыз 2020

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте қалалық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов мәлімдеді.

 

Бүгінгі таңда қалада жарияланған төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде кейбір жекелеген тұрғындарға көмек ауадай қажет болып тұр. Қалада жедел түрде әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың тізімі жасалды.

Қала кәсіпкерлері, жалпы қазіргі ахуалға бей-жай қарамайтын елдегі барлық азамат бұл іске жұмыла кірісуде. Әрине, бұдан «Атамекен» ҰКП қоры да тыс қалмақ емес. Қазірдің өзінде бірқатар кәсіпкерлер үн қосты.

«Олардың қатарында Қазақстан Халық банкі медицина қызметкерлерін қолдау үшін 100 млн. теңге бөлді. «Resmi» компаниясының президенті Мәжібаев Қайрат Наурыз-тарту ретінде, Қазақстанның 18 қаласында тұратын қарт адамдарға 5000 азық-түлік себетін таратуды ұйымдастырды», – деді Нариман Әбілшайықов.

Азық-түлік себеттері екі санаттағы жандарға, атап айтсақ, көпбалалы отбасылар мен жалғызілікті қарттарға тарату көзделген.

«Дәл қазіргі сәтте қомақты қаражат жинауымыз керек болып тұр. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс істейтін болсақ, біз бұл мақсат үдесінен шығатынымыз сөзсіз. Сондықтан барлық кәсіпкерді #BizВirgemiz акциясына қосылуға шақырамыз. Кімде-кім көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, қаржылай көмектесемін десе, «Атамекен» сайтында «Жаңа Алатау» қорының реквизиттері бар», – деп атап өтті Н.Әбілшайықов.

               

                «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры

                РНН 600300567791

                БИН 080740011034

                ИИК №KZ826010131000165601

                АО «Народный Банк Казахстана»

                БИК HSBKKZKX КБЕ 18 КНП 119

                Телефон: 8 (727) 3967420

                Жетекшісі – Балабеков Айдар Буйтагалиевич

                ИИН 710315301396

 

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жарияланған карантинге байланысты, әлеуметтік көмекке нағыз мұқтаж жандарды қолдау мақсатында, «Nur Otan» партиясы жобасы аясында ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы 150 млн. теңге бөлген болатын. Сондай-ақ, Елбасы халыққа арнаған Үндеуінде барша халықты осынау сын сағатта қайырымдылық көмегінен тыс қалмауға шақырған болатын.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді »»
04 сәуір 2020 - 17:34
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орынға жоспарланған, провизорлық госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.   Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын. Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен бой көтеретін нысан 280 орынға арналған, оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі. Құры...
Қазақстанда автокөліктерге арналған сұйытылған мұнай газының орташа бөлшек бағалары төмендейді »»
03 сәуір 2020 - 15:46
Елде мемлекеттік реттеуді енгізу арқылы төтенше жағдай кезінде автокөліктерге жанармай құю үшін сұйытылған газдың бағасы тұрақтандырылады, бұл өз кезегінде халықтың тұтыну қоржынының құнын төмендетеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.   ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 8.2-тармағына сәйкес Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігі және Әділет минист...
Алматыда COVID-19 індетіне тексерілетін адамдардың қатары кеңейді »»
03 сәуір 2020 - 15:39
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.   «Біз Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша пневмония және ЖРВИ-дің ауыр түрімен стационарға келетін науқастардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеретін боламыз. Әзірге өкпе қабынуының белгілері бар 49 адам тексерістен өтті. Соның ішінде пневмониясы бар бір науқаста қауіпті ін...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56