^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 5 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Карантин кезінде Алматы зейнеткерлерінің зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп береді
24 наурыз 2020

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында "Қазпочта" АҚ АФ директоры Әлия Сүгірбаева айтты.

 

Оның айтуынша, 70 жастан асқан зейнеткерлер карантин кезінде зейнетақыларын үйінде отырып ала алады.

«Қала әкімдігімен бірге біздің зейнеткерлерге зейнетақыларын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. “Қазпошта" 80 жастан асқан зейнеткерлерге қызмет көрсетеді, біз олардың зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп береміз. Қазір 70 жастан асқан зейнеткерлер санатын да қамтамасыз етуге дайынбыз. Біздің барлық қызметкеріміз – почташылар мен курьерлер оған толық дайын, олар зейнеткерлердің қауіпсіздігі үшін барлық жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған» , – деді ол.

Бұдан өзге, “Қазпошта" карантин кезінде қала тұрғындарын қолдау бойынша Алматы әкімдігімен бірлескен жобаны жүзеге асыруға қатысады.

“Алматы қаласының әкімдігімен бірге халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына қолдау көрсету үшін іске асырылып отырған жоба аясында "Қазпошта" логистикалық және азық-түлік себеттерін жеткізудегі басты серіктесі болып табылады. Бүгінгі күні филиал барлық күш-жігерін жұмылдырды – 70 машина курьерлермен штаттық тәртіпте жұмыс істейді. Олар қажет болған жағдайда қала тұрғындарына барлық әлеуметтік пакеттерді тәулік бойы жеткізетін болады", – деді А. Сүгірбаева.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында байланыссыз жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді »»
04 сәуір 2020 - 17:34
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орынға жоспарланған, провизорлық госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.   Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын. Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен бой көтеретін нысан 280 орынға арналған, оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі. Құры...
Қазақстанда автокөліктерге арналған сұйытылған мұнай газының орташа бөлшек бағалары төмендейді »»
03 сәуір 2020 - 15:46
Елде мемлекеттік реттеуді енгізу арқылы төтенше жағдай кезінде автокөліктерге жанармай құю үшін сұйытылған газдың бағасы тұрақтандырылады, бұл өз кезегінде халықтың тұтыну қоржынының құнын төмендетеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.   ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 8.2-тармағына сәйкес Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігі және Әділет минист...
Алматыда COVID-19 індетіне тексерілетін адамдардың қатары кеңейді »»
03 сәуір 2020 - 15:39
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.   «Біз Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша пневмония және ЖРВИ-дің ауыр түрімен стационарға келетін науқастардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеретін боламыз. Әзірге өкпе қабынуының белгілері бар 49 адам тексерістен өтті. Соның ішінде пневмониясы бар бір науқаста қауіпті ін...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56