^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 3 маусым 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімдігі подъездер мен аулаларды дезинфекциялау жұмыстарын күшейтті
24 наурыз 2020

 

9853

 

 

Қалада карантин жарияланған күннен бастап дезинфекциялау жұмыстары, заңдылықтарға сәйкес, ПИК (КСК) және басқарушы компаниялар тарапынан жасалған болатын. Қалада коронавирус инфекциясының кеңінен таралып келе жатқандығын ескеріп, сондай-ақ, тұрғындардың өтінішіне орай, 25 наурыздан бастап бұл жұмыстарды қалалық әкімдік атқаратын болды.

 

Мұндай шешімді төтенше жағдай бойынша құрылған жедел штаб қабылдады. Енді қаладағы 4 мыңнан астам аула мен 24 мың подъезге санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі. Дезинфекциялау жұмыстарын арнайы компания аптасына екі рет бекітілген кестеге сәйкес жүргізіп отырады.

Осы орайда айта кету керек, бір күн ішінде қаланы түгел қамту мүмкін болмайтындықтан, қала аумағы үш бөлікке бөлінген.

Подъездердегі тұтқаларды, кірберістерді жуып тазалау ПИК тарапынан жасалады.

Кез-келген сұрақтар бойынша Open Almaty 1308 нөміріне хабарласуға болады. Барлық ресми ақпаратты Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтынан және әлеуметтік парақшасынан да оқи аласыз.

Қосымша ақпараттар Stopcov Almaty Telegram-каналына және Darmen қосымшасына жедел орналастырылып отырады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Сағынтаев Премьер-Министрден Көк Жайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады »»
03 маусым 2020 - 18:45
Бұл туралы Алматы әкімі Б. Сағынтаев Twitter-дегі өзінің парақшасында хабарлады.   Б. Сағынтаев Көк Жайлау тағдырына алаңдаушылық білдірген экологтар пікірлеріне ден қоятынын жазды. Бұл мәселеге нүкте қою үшін еліміздің Премьер-Министріне хат жолдады. «Экологтармен жиі кездесемін. Көк Жайлаудың тағдыры туралы көп айтылады. Осы мәселеге нүкте қою үшін бүгін Премьер-Министрдің атына бұл жерлерді қала қорынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтару туралы өтініш хат жаздым&...
Б. Сағынтаев Алатау ауданы тұрғындарының мәселелері қалай шешіліп жатқанын тексерді »»
03 маусым 2020 - 17:57
Алматы әкімі жұмыс сапары барысында өткен жылғы есептік кездесулерде Алатау ауданы тұрғандары айтқан мәселелердің қалай шешіліп жатқанын тексерді. Сол кезде жолдардың, тротуарлардың, арықтардың, жарықтың, коммуналдық желілердің жоқтығы сөз болған еді. Сонымен қатар Б. Сағынтаев ауданның инфрақұрылымын жасқарту жөніндегі жобаларды іске асырудың барысымен танысты.   Алматы әкімі Ұлжан ықшамауданындағы кәріздік насос станциясының құрылысымен танысты және осы ықшамаудандағы Жалайыр көшесіндегі жолдың жөн...
3 маусым күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
03 маусым 2020 - 10:04
Кіреберістер мен аулалар бойынша 3 маусымға жоспарланған 8363 кіреберіс (3038 үйде) және 1440 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 444 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75,1  мың литр дайын ерітінді қолданылды. 3 маусымдағы заласыздардырудың үшінші күні жоспар бойынша 2703 үйдің 7442 кіреберісі мен 1348 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 433 адамы бар 62 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 2 маусым күні 4 937 мың шаршы метр көш...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz