^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 5 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Дезинфекциялық іс-шаралар туралы ақпараттық хабарлама
25 наурыз 2020

Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы күн сайын күніне екі уақыт мегаполистегі жолдарды жууды ұйымдастыруда. Бұл жұмыстарға суарып жуатын 90 көлік, тротуар жинайтын 54 машина мен 962 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Сондай-ақ қосымша 112 адам қоқыс жәшіктерін, орындықтар мен аялдамаларды дезинфекциялаумен айналысуда.

 

Бүгін, 25 наурызда сағат 9.00-ден бастап 32 бригада көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістерін залалсыздандыруды бастады. 8633 кіреберіс (2868 үй) пен 1441 ауланы өңдеу жоспарлануда.

Тазалау жұмыстары жүргізілмес бұрын дауыс зорайтқыш жабдығы бар көліктер арқылы ескертулер хабарланады. Сондай-ақ келесі өңдеу жұмыстарының кестесі кіреберістерге ілінеді.

25 наурызда Есентай, Үлкен Алматы өзендерінің жағалаулары және Теренкурдің жаяу жүргіншілер аймағында дезинфекция жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, қаланының тазарту жұмыстарына Алматы гарнизонының күштері тартылды. Олар бірінші кезекте жалпы көлемі 60 га. болатын қаланың жеті ірі базарларын дезинфекциялады. Бұл жұмысқа 317 сарбаз жұмылдырылды. Оған қоса 11 бірлік арнайы техника мен өңдеу жұмысына киілетін 151 киім жиынтығы берілді. 49 тонна арнайы су ерітіндісі жұмсалды.

Сонымен қатар, гарнизон қызметкерлері карантиндік бақылауда тұрған 13 медициналық ұйымға санитарлық өңдеу жүргізбек. Бұл жұмысқа 320 әскери қызметші жұмылдырылады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді »»
04 сәуір 2020 - 17:34
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орынға жоспарланған, провизорлық госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.   Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын. Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен бой көтеретін нысан 280 орынға арналған, оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі. Құры...
Қазақстанда автокөліктерге арналған сұйытылған мұнай газының орташа бөлшек бағалары төмендейді »»
03 сәуір 2020 - 15:46
Елде мемлекеттік реттеуді енгізу арқылы төтенше жағдай кезінде автокөліктерге жанармай құю үшін сұйытылған газдың бағасы тұрақтандырылады, бұл өз кезегінде халықтың тұтыну қоржынының құнын төмендетеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.   ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 8.2-тармағына сәйкес Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігі және Әділет минист...
Алматыда COVID-19 індетіне тексерілетін адамдардың қатары кеңейді »»
03 сәуір 2020 - 15:39
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.   «Біз Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша пневмония және ЖРВИ-дің ауыр түрімен стационарға келетін науқастардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеретін боламыз. Әзірге өкпе қабынуының белгілері бар 49 адам тексерістен өтті. Соның ішінде пневмониясы бар бір науқаста қауіпті ін...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56