^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 5 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда дезинфекциялық-санитарлық режимді күшейту туралы ақпараттық хабарлама
25 наурыз 2020

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

 

Аулалар мен подъездерді залалсыздандыру жұмыстары бүгін таңертеңнен басталды. Алғашқылардың бірі болып «Самал-1» ықшамауданына жасалған шара барысында, тұрғындардан бірқатар сауалдар түсті. Олар дезинфекция жасалатыны туралы неге ертерек ақпарат берілмегені және залалсыздандыру шаралары біткеннен кейін қанша уақыттан соң сыртқа шығуға болатындары жайында сұрады.

«Егер химиялық қоспаны шашыратып сеуіп жүрген кезде адам сол араға жақын жүрсе зияны тиюі мүмкін. Дезинфекция жұмыстарындағы химиялық қоспа жерге немесе еденге тигеннен кейін тыныс алу органдарына әсер етпейді», – деді А. Молдағасымова.

Ол сондай-ақ, соңғы күндері Алматыда инфекция жұқтырудың бірнеше ошағы анықталғанын, бірақ, олардың жаңа келгендермен емес, ауру белгілері бар адаммен байланыста болғандардан анықталып отырғанын айтып өтті.

«Бүгінде Алматы қаласы бойынша коронавирус инфекциясы анықталған 15 індет ошағы бар. Өткен тәулікте екі ауру жұқтырған науқас қосылды. Олардың бірі бұрын ауру жұқтырған адаммен жақын байланыста болған. Екіншісі қыз бала – Цюрихтан ұшып келген. Ол барлық сақтық шараларын сақтап, үйіне көлікпен барған. Ешқандай туысымен жақын байланыста болмаған. Аурудың алғашқы белгілерін сезген соң бірден емханаға хабарласқан. Оң нәтиже көрсеткен соң, карантинге жатқызылды. Осылайша, бүгінгі күні Алматыда індет жұқтырған 31 науқас анықталып отыр», - деді қаланың бас санитары. Ол сондай-ақ, қаладағы індет ошағы табылған жерлерді залалсыздандыру шаралары күшейтілгенін, ондағы барлық жағдай жіті бақылауда екенін атап өтті.

Негізінен, инфекция жұқтырғандар, арнайы қоршалған індет ошақтарынан шығып жатыр. Сол себепті ол жерлер бүгінде жіті бақылауда. Бұл оларды жаңа ошақтардың пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді.

«Кеше еліміздің коронавирус инфекциясы тіркелмеген басқа қалаларынан біздің қалаға 82 эпидемиолог көмекке келді. Бүгінде олар 76 тәулік бойы жүргізіп келе жатқан қауіпті індетке қарсы күресті бізбен бірге бастап кетті. Олар да біздің мамандар секілді қорғаныш костюмдерімен, маскалармен, респираторлармен, көзілдірікпен, қолғаптармен және жұмысқа қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз етілген», - деді А. Молдағасимова.

Сонымен қатар, барлық медициналық мекемелерде, атап айтқанда, жеке және мемлекеттік мекемелерде санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шаралары қабылданды.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері қала тұрғындарын 1406 телефоны бойынша қаланың барлық мекемелері мен ұйымдарының жұмысында байқалған қандай да бір кемшіліктерді байқаса, бірден хабарлауға шақырды. Егер тамағыңыз ауырып, құрғақ жөтел, температураның пайда болуы сияқты симптомдар пайда болса жедел жәрдем шақырыңыз деп кеңес берді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді »»
04 сәуір 2020 - 17:34
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орынға жоспарланған, провизорлық госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.   Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын. Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен бой көтеретін нысан 280 орынға арналған, оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі. Құры...
Қазақстанда автокөліктерге арналған сұйытылған мұнай газының орташа бөлшек бағалары төмендейді »»
03 сәуір 2020 - 15:46
Елде мемлекеттік реттеуді енгізу арқылы төтенше жағдай кезінде автокөліктерге жанармай құю үшін сұйытылған газдың бағасы тұрақтандырылады, бұл өз кезегінде халықтың тұтыну қоржынының құнын төмендетеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.   ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 8.2-тармағына сәйкес Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігі және Әділет минист...
Алматыда COVID-19 індетіне тексерілетін адамдардың қатары кеңейді »»
03 сәуір 2020 - 15:39
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.   «Біз Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша пневмония және ЖРВИ-дің ауыр түрімен стационарға келетін науқастардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеретін боламыз. Әзірге өкпе қабынуының белгілері бар 49 адам тексерістен өтті. Соның ішінде пневмониясы бар бір науқаста қауіпті ін...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56