^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 5 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Коронавирус індеті туралы жиі қойылатын сұрақтар
25 наурыз 2020

- Коронавирус дегеніміз не және ол қалай жұғады?

 

Жаңа коронавирус – респираторлық вирус. Ол, ең алдымен, науқастың тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылар арқылы, яғни, жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы жұғады. Сондай-ақ, вирус науқас адам ұстаған кез-келген ластанған жерден, мысалы, есік тұтқасы арқылы да жұғуы мүмкін. Ауызға, мұрынға немесе көзге кір қолыңыз тигенде де инфекция жұғатынын біліп жүріңіз.

 

- Коронавирустың белгілері қандай?

Коронавирустың негізгі белгілері:

Жоғары температура

Түшкіру

Жөтел

Тыныс алудың қиындауы

Көптеген жағдайларда бұл симптомдар коронавируспен емес, әдеттегі ЖРВИ-мен байланысты болуы да мүмкін.

 

- Коронавирус қалай беріледі?

 

Таралу жолдары:

Ауа-тамшылары арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде беріледі)

Тұрмыстық қатынаста (тұрмыстық заттар арқылы)

 

- Коронавирустың алдын алуға бойынша қандай шаралар бар?

 

Өзін қорғау үшін ең маңыздысы - жеке гигиена ережелерін сақтау және қоғамдық орындарға, адам көп шоғырланатын жерлерге баруды қысқартыңыз.

Қолыңызды таза ұстаңыз. Ол үшін сабынмен жиі жуыңыз немесе дезинфекциялау құралымен сүртіп отырыңыз.

Ауызды, мұрынды немесе көзіңізді жуылмаған қолмен ұстамауға тырысыңыз (әдетте мұндай жанасуларды біз күніне орта есеппен алғанда сағатына 15 рет қайталауымыз мүмкін)

Жұмыста жүргенде сіз үстеліңіздің беті мен пайдаланатын құрылғыларыңызды (компьютердің пернетақтасы, жалпы пайдаланатын оргтехника панельдері, смартфон экраны, пульттер, есік тұтқалары) жиі сүртіп, тазалап отырыңыз.

Өзіңізбен бірге бір реттік майлықтарды алып алып жүруді ұмытпаңыз. Жөтелгенде немесе түшкіргенде әрдайым мұрныңыз мен аузыңызды жабуды әдетке айналдырыңыз.

Барлық адам бірігіп жейтін (жаңғақ, чипсы, печенье және басқа да тағамдарды) қораптан немесе ортақ ыдыстан тамақ ішпеңіз.

Балаларға микробтардың қалай таралатынын және неге қол мен беттің гигиенасы маңызды екенін түсіндіріңіз. Оларға коронавирустың алдын алу шаралары туралы айтып беріңіз. Бөлмені жиі желдетіңіз. Егер сіз коронавирусты тудыратын белгілерге ұқсас симптомдар анықтасаңыз, үйде қалып, дәрігерді шақырыңыз.

 

- Бетперделер жұқпалы ауруларға көмектесе ме?

 

Бір рет қолданылатын медициналық бетпердені пайдалану ауа тамшылары арқылы берілетін инфекциялардың (жөтелгенде, түшкіргенде) жұғу қаупін төмендетеді. ЖРВИ-мен ауырғандар бетпердені міндетті түрде кигені дұрыс. Сондай-ақ, масканы күніне бірнеше рет ауыстыру керек.

 

- Жаңа коронавирустық инфекцияның белгілері қай уақытта пайда болуы мүмкін?

 

Симптомдар инфекциялық аурулармен байланыста болған соң 14 күн ішінде белгілі болуы мүмкін.

 

- Коронавирустық инфекциядан кейін қандай асқынулар болуы ықтимал?

 

Жаңа коронавирустық инфекция жіті респираторлық вирусты инфекцияларға (ЖРВИ) жатады және оның асқынулары басқа ЖРВИ сияқты болуы мүмкін. Сондықтан пневмония, бронхит, синусит және басқа да асқынуларға ұласуы мүмкін.

 

- Блокпостардағы санитарлық тексерулердің тәртібі қандай?

 

Автокөлік жүргізушілерін қоса алғанда, кіруге және шығуға рұқсат етілген барлық адамдардың жағдайы қаралып, сауалдар қойылып, термометриямен тексеру жұмыстары жүргізіледі.

 

- Карантин шекарасын кесіп өтетін адамның денсаулығын кім бағалауға құқылы?

 

Тек дәрігерлер – санитар дәрігерлер мен эпидемиологтар.

 

- Індет анықталып, оқшауға алынған нысан тұрғындарының туыстарымен араласуына, үйінің ауласына шығуына бола ма?

 

Жоқ, болмайды. Тек қоршауға алынған аймаққа бекітілген санитардың рұқсатымен ғана кезек бойынша аулаға шығып, серуендеуге болады. Мұндағы тұрғындарға азық-түлік орталықтандырылған тапсырыс бойынша жеткізіледі.

 

- Азық-түлік дүкендеріндегі тәртіп қалай жүзеге асырылады?

 

Сатушылар да, сатып алушылар да бетперде мен қолғап киюлері міндетті. Сауда залдарындағы санитарлық өңдеу тәулігіне екі рет жүргізілуі тиіс. Бұл ретте кезекте тұрған сатып алушылар бір-бірінен 1,5 метр қашықта тұруы керек. Сауда үйіне бір мезгілде келетіндер 5 адамнан аспау керек.

 

- Көшеде бетперде кию керек пе?

 

Карантин жарияланғаннан бері қала тұрғындары көшеде жүргенде бетперде киюге міндетті.

 

- Қоғамдық көліктің жұмыс кестесі қалай өзгерді?

 

Жолаушылардың азаюына байланысты қоғамдық көліктің жылжымалы құрамы да қысқарды. Десе де, жолаушыларға қызмет көрсету тоқтаған емес. Қоғамдық көлік жұмысына жүргізілген мониторинг пен талдау нәтижесі жолаушылар ағынының 70%-ға төмендегенін көрсетті. Осыған байланысты төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық жедел штаб қоғамдық маршруттардың жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдады. Ағымдағы жылдың 24 наурызынан бастап Алматыда қоғамдық көлік 21.00-ге дейін жұмыс істейтін болды.

 

- Көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберісі мен лифтілерін кімдер дезинфекциялау керек?

 

Көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберісіне санитарлық өңдеуді ПИК жүргізуге тиіс. Алайда кооперативтердің қызметкерлері облыс тұрғындары болғандықтан, олар қаладан кетіп қалды. Ал қалада тіркеуі бар ПИК қызметкерлері қауырт режимде жұмыс істеуде. Олардың екі тәулікте бір рет жуып-тазалауға мүмкіндіктері де, күштері жетпейді. Ал лифтілер күн сайын тазартылу керек. Алайда бұл жерде де қызметкерлер саны шектеулі. Сондықтан подъезбен лифтілердің тазалығына тұрғындардың өздері жауап беру керек.

 

- Азық-түліктің бағасы көтеріле ме? Мұны кімдер қадағалайды?

 

Әлеуметтік маңызы бар 19 тауар бақылауға алынды. Бұл қорды тұрақтандыру үшін мемлекеттен бес миллиард теңге бөлінді. Қалада азық-түлік тапшылығы жоқ. Қорда бірінші қажеттіліктегі 12 мың тонна азық-түлік бар.

 

- Дәріханалардан медициналық бетперделерді қолжетімді бағамен қашан сатып алуға болады?

 

Күн сайын қаланың 48 дәріханасына тікелей өндірушіден бағасы 87 теңгелік бетперделер жеткізіле бастады. Қазіргі уақытта қалаға күніне 50 мың бетперде келеді. Жақын арада бұл көрсеткіш 80 мыңға дейін артады.

 

- Азық-түлік емес жәнн тауарлар мен қызметтер сауда орындары әлі күнге дейін жұмыс істеп жатыр. Неге?

 

Құрамында қалалық Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы, прокуратура, МПС, аудандық әкімдік қызметкерлері бар арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар карантин кезінде талап-ережені бұзған кәсіпкерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізеді. Қалалық жедел штабтың шешімі бойынша сауда тек азық-түлік дүкендерінде ғана жүзеге асырылады. Фитнес-клубтар, спа-салондар, массаж кабинеттері және азық-түлік емес бағыттағы сауда орталықтары карантиннің соңына дейін жабық болуы тиіс. Мейрамханалар жұмыс істейді. Бірақ олар тапсырыс қана қабылдап, оны жеткізеді.

 

- Психологтардың көмегін қайдан және қалай алуға болады?

 

1308 телефоны бойынша (ұялы телефоннан теру).

 

 

- Аз қамтылған отбасылар үшін коммуналдық төлемдер қай мерзімге дейін шегерілді? Бұған қолжеткізу үшін не істеу керек?

Карантинге байланысты алматылықтардың наурызбен сәуір айлары үшін төлеуі тиіс коммуналдық қызмет ақысы кейінге шегерілді. Нақтыласақ, төлеу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылды. Айыппұл мен өсімпұл салынбайды. Бұл туралы нақты ақпаратты

Алматы әкімдігінің ресми сайтынан almaty.gov.kz және қызмет көрсетушілердің сайтынан көріп, білуге болады.

 

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді »»
04 сәуір 2020 - 17:34
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орынға жоспарланған, провизорлық госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.   Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын. Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен бой көтеретін нысан 280 орынға арналған, оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі. Құры...
Қазақстанда автокөліктерге арналған сұйытылған мұнай газының орташа бөлшек бағалары төмендейді »»
03 сәуір 2020 - 15:46
Елде мемлекеттік реттеуді енгізу арқылы төтенше жағдай кезінде автокөліктерге жанармай құю үшін сұйытылған газдың бағасы тұрақтандырылады, бұл өз кезегінде халықтың тұтыну қоржынының құнын төмендетеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.   ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 8.2-тармағына сәйкес Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігі және Әділет минист...
Алматыда COVID-19 індетіне тексерілетін адамдардың қатары кеңейді »»
03 сәуір 2020 - 15:39
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.   «Біз Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша пневмония және ЖРВИ-дің ауыр түрімен стационарға келетін науқастардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеретін боламыз. Әзірге өкпе қабынуының белгілері бар 49 адам тексерістен өтті. Соның ішінде пневмониясы бар бір науқаста қауіпті ін...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56