^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 5 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда профилактикалық және эпидемияға қарсы қосымша шектеу шараларын енгізу туралы
25 наурыз 2020

Адамдардың жаппай жиналуын және Алматы қаласының аумағында короновирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау үшін Алматы қаласының Жедел штабы ҚР Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссияның келісімімен ағымдағы жылдың 26 наурызынан бастап, бұрын белгіленген шектеулерді сақтай отырып, қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

 

Осылайша, төтенше жағдай аясында, карантин режимі кезеңінде Алматы қаласында ағымдағы жылдың 26 наурызынан бастап қоса алғанда келесі сауда және қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылуы тиіс:

- азық-түлік емес сауда орындары (2000 шаршы метрден кем), жеке тұрған азық-түлік емес дүкендер, сондай-ақ автосалондар, авто қосалқы бөлшектер сататын салондар және гүл павильондары;

- қызмет көрсету саласының нысандары: химиялық тазалау, кір жуу орындары, фотоателье, фотосалондар, оптика, ломбард, жылжымайтын мүлік агенттігі, көлік жуу, техникалық қызмет көрсету станциялары;

Сондай-ақ санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды күшейте отырып қоғамдық тамақтану нысандарында «клиенттерге жеткізіп беру» қағидасы (22.00-ге дейін) бойынша осыған дейін бекітілген жұмыс тәртібі сақталады.

Сонымен бірге мынадай нысандар жабылды:

- азық-түлік сатпайтын сауда базарлары;

- азық-түлік пен дәрі-дәрімек сататын нысандарды қоспағанда, ірі сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, олардың аумағында және жеке орналасқан кинотеатрлар, балалар орталықтары, кез-келген басқа көңіл көтеретін орталықтар (бильярд залдары, караоке, боулинг орталықтары, компьютер және интернет-клубтар және басқалары);

- кейбір қызмет көрсету нысандары: сұлулық салоны, шаштараз, массаж кабинеттері, моншалар, сауналар, СПА орталықтары, аквапарктер, бассейндер, солярий (күншуақ), тир ататын атыс алаңдары, фитнес-залдар, жаттығу залдары, сондай-ақ, йогамен айналысатын залдар, спорт клубтары және басқалары.

Сонымен қатар, қалада азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын сататын нысандар және жоғарыда аталған шектеулер қолданылмайтын басқа да объектілер жұмысын жалғастыруда.

Бұл шаралардың барлығы Алматыда қозғалыс белсенділігін төмендету арқылы қала тұрғындарын COVID-19 вирусын жұқтырудан барынша қорғауды күшейтуге бағытталған. Сонымен бірге COVID-19 таралуын болдырмау бойынша шет елдердегі сәтті мысалдар ескерілді.

Алматы қаласының әкімдігі қаланың барлық тұрғындары мен компанияларын санитарлық және дезинфекциялық шараларды сақтай отырып, барынша оқшаулануға және қашықтан жұмыс істеу режиміне көшуге шақырады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді »»
04 сәуір 2020 - 17:34
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орынға жоспарланған, провизорлық госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.   Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын. Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен бой көтеретін нысан 280 орынға арналған, оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі. Құры...
Қазақстанда автокөліктерге арналған сұйытылған мұнай газының орташа бөлшек бағалары төмендейді »»
03 сәуір 2020 - 15:46
Елде мемлекеттік реттеуді енгізу арқылы төтенше жағдай кезінде автокөліктерге жанармай құю үшін сұйытылған газдың бағасы тұрақтандырылады, бұл өз кезегінде халықтың тұтыну қоржынының құнын төмендетеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.   ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 8.2-тармағына сәйкес Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігі және Әділет минист...
Алматыда COVID-19 індетіне тексерілетін адамдардың қатары кеңейді »»
03 сәуір 2020 - 15:39
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.   «Біз Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша пневмония және ЖРВИ-дің ауыр түрімен стационарға келетін науқастардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеретін боламыз. Әзірге өкпе қабынуының белгілері бар 49 адам тексерістен өтті. Соның ішінде пневмониясы бар бір науқаста қауіпті ін...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56