^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 25 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы қаласындағы 27 наурыз сағат 12.00-дегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпараттық хабарлама
27 наурыз 2020

Алматы қаласында бүгінгі таңда коронавирустық инфекция бар емделушілердің 48 расталған жағдайы тіркелді.

Бұл туралы брифингте Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлім етті.

 

Бүгінгі таңда Алматы қалалық жұқпалы аурулар стационарларында 47 пациент бар және 1 науқас айығып шықты.

Жаңадан анықталған алты науқастың төртеуі 26 наурызда Минск – Алматы рейсімен келген, екеуі Мәскеу – Алматы рейсімен 26 наурызда келді.

Ауырғандардың бірі 15 наурызда Стамбул – Алматы рейсімен ұшып келді. Ол 18 наурызда оқшауланды. Бастапқы кездегі талдаулар теріс нәтиже көрсетсе, 26 наурызда қайталама талдау кезінде одан оң нәтиже анықталды. Осы уақыт ішінде ол оқшауланып келді.

Жалпы 45 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ал өкпенің жасанды аппаратында жатқан әйелдің жағдайы ауыр. 1 баланың жағдайы орташа дәрежеде.

Еске сала кетейік, бір науқас кеше шығарылған болатын. Бұл пациент енді емхана қызметкерлерінің 14 күндік бақылауында болады.

Бүгінгі таңда провизорлық орталықтарда 1099 адам бар. Олардың 72-і балалар. Карантиндік орталықтарда 471 адам, үй карантинінде 2037 адам бар.

Карантинде отырғандардың температуралары қалыпты жағдайда, қандай да бір катаралдық симптомдар анықталған жоқ.

«Айта кетейік, басқа елден ұшып келген жолаушылардың талдау тапсыру үшін 2 күндік карантинге орналастырылатынын ескертеміз. Мұндай шаралар халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін қабылданған. Өзге елден келген жолаушылардың барлығынан COVID-2019 талдаулары алынатын болады. Егер талдау нәтижесі таза көрсеткіш көрсетсе, үйлеріне қайтарылады», - деп түсіндірді Т. Әбілдаев.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қайтыс болған пациенттің жағдайына да түсініктеме берді. Әлеуметтік желілерде бұл пациент Алматыда жүргені туралы ақпарат таратылды. Қала бойынша онымен байланыста болған 6 адам табылды және олардың барлығы қаланың провизиялық госпитальдарында тексеру үшін оқшауланған.

Ол сондай-ақ ауруханада жатқан екі баланың жағдайы туралы айтты. Бір баланың жағдайы қанағаттанарлық, талдаулардың бірі теріс нәтиже көрсетті. Екінші баланың жағдайы орташа, қанағаттанарлық деңдейде.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтады »»
24 мамыр 2020 - 10:34
Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтады. Қала әкімі құттықтау сөзін өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.   «Мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының аяқталып, Ораза айт мерекесінің басталуымен құттықтаймын! Бұл күнде адам баласы сауапты іс жасап, мұқтаж жандарға көмектесуге асығады. Ең ізгі тілектер орындалып, әр үйде бейбітшілік пен ынтымақ орнасын! Ораза айт қабыл болсын!» – делінген құттықтауда. ...
Б. Сағынтаев Алматыда бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шараларының алғашқы нәтижесіне баға берді »»
22 мамыр 2020 - 21:31
Алматы қаласының Наурызбай ауданында ШОБ үшін шағын өнеркәсіп парктері салынуда   Жұмыс сапары барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ШОБ-ты қолдаудың үдемелі шаралары шеңберінде құрылатын шағын өнеркәсіптік парктерді құру жөніндегі жобаның жүзеге асырылуымен танысты. Тоқтап қалған базаларды қайта жаңғырту Almaty Finance компаниясының жеңілдетілген қаржылық қолдауымен жүргізіледі. Дайын өндірістік үй-жайлар шағын және орта бизнес субъектілеріне кейін сатып алу құқығымен төмен бағаға жалға беріледі....
Алматыда борыш пен еңбекақы төлемінің кешіктірілуін болдырмау бойынша күшейтілген режимде шаралар қабылдануда »»
22 мамыр 2020 - 21:04
Бұл туралы карантин жағдайындағы еңбек заңнамасындағы өзгерістер және еңбек қатынастарын реттеу аспектілері тақырыбы төңірегінде өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мен қаланың бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова тарқатты.   Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева Халықаралық Еңбек Ұйымының мәліметтеріне сүйене отырып, коронавирустық пандемия салдарынан бүгінде әлемдік еңбек нарығы ең ауыр дағдарыстардың бірін ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56