^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 3 маусым 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда COVID-19 індетіне тексерілетін адамдардың қатары кеңейді
03 сәуір 2020

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

 

«Біз Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша пневмония және ЖРВИ-дің ауыр түрімен стационарға келетін науқастардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеретін боламыз. Әзірге өкпе қабынуының белгілері бар 49 адам тексерістен өтті. Соның ішінде пневмониясы бар бір науқаста қауіпті індет анықталды. Кешегі күн бойынша пневмониямен ауыратын 13 баланың бесеуінде індет анықталмады. Қалғандары зерттелуде», – деді А. Молдағасымова.

 

Бүгінде індеті таралған елдерден келетін адамдардың арасында коронавирустық инфекцияны анықтау жұмыстары жалғасуда.

 

Айта кету керек, қауіпті індетке тексерілетіндердің қатары кеңейеді. Әсіресе, бұл санатқа бронх-өкпе ауруының белгілері бар әрі есепте тұрған 60 жастан асқан адамдар кіреді. Бұдан өзге алдыңғы шепте қызмет етіп жүрген медқызметкерлер де тексеруден өтеді.

 

Брифингті қорытындылаған қаланың Бас санитарлық дәрігер адамдарда жөтел мен дене қызуының көтерілу сияқты белгілер пайда болған жағдайда, жедел жәрдем шақыруға кеңес берді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда 2 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілердің карантин шараларын сақтау талаптары тексерілді »»
02 маусым 2020 - 15:41
Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Ж. Бекшин айтты. Еске салсақ, бірқатар кәсіпорындар өз жұмыстарын қайтадан бастады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен әрбір аудандық әкімдіктерде кәсіпкерлік субъектілердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қадағалау бойынша мониторингтік топтар құрылған. Бекітілген мониторингтік топтардың құрамына Алматы қаласының Тауарлар мен көрсе...
Бекшин: Блокбекеттер алынғанмен, карантин режимі сақталады »»
02 маусым 2020 - 15:33
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын блокбекеттердің алынғанына қарамастан, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ұстануға шақырды.   Қала тұрғындары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, маска тағу режимін және әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтаулары тиіс. Көпшілік орындарға барудан сақ болу қажет. Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 647 жағдайы ...
2020 жылдың 2 маусым күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы  »»
02 маусым 2020 - 12:43
Кіреберістер мен аулалар бойынша 1 маусымға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 443 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 76,0 мың литр дайын ерітінді қолданылды. 2 маусымдағы жоспар бойынша 3038 үйдің 8363 кіреберісі мен 1440 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 444 адамы бар 64 бригада тартылды.   Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 1 маусым күні 5 123 мың шаршы метр көше, оның ішінде 658 сауда ны...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz