^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 25 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 172 науқас тіркелді
13 сәуір 2020

Бүгін 13 сәуір күні сағат 15.00 жағдай бойынша Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жаңа 27 жағдайы тіркелді. Олардың барлығы – медицина қызметкерлері.

 

Сонда, жалпы қала бойынша COVID-19 инфекциясына шалдыққан 172 науқас бар.

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн режимде өткен брифингте мәлімдеді.

Бүгін анықталған 27 науқастың алтауы ер адам болса, 21-і әйел адам. Ескерте кетейік, араларында бір жүкті әйел бар.

«Медицина қызметкерлерінің жай-күйіне тоқталсам: екі адамның жағдайы полисегментті пневмонияларына байланысты – ауыр болса, қалған адамдардың барлығында – қанағаттанарлық», - деді спикер.

Коронавирус анықталған 20 қызметкер шұғыл медициналық көмек көрсетуді жалғастырған Қалалық орталық клиникалық аурухана қызметкерлері. Ал қалған 7 адам болса, бұлар 4 сәуірдегі алғаш рет тапсырған тестілері теріс нәтиже көрсеткен Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері. Әдетте, бұлар әртүрлі патологиясы бар науқастар болғандықтан, олардың арасында ауру белгілері көрінбегендері де болуы мүмкін, сәйкесінше, бұл дәрігерлердің вирус жұқтыруына себеп болуы мүмкін. Аталған факті бойынша қазір эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде.

Қазір медицина қызметкерлерін тексеріп-қарау бойынша барлық шаралар қолданылуда деді басқарма басшысы. Бұдан басқа, барлық қалалық клиникалардың ішінде қызметкерлерді коронавирусқа міндетті түрде тексеріп-қараумен эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді деді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта инфекциялық стационарда жалпы 122 адам емделуде.

Олардың ішінде 89 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық болса, 8 адамның жағдайы – ауыр, 25 ересек адамда (1 облыстық) – ауырлықтың орташа дәрежесі деп бағаланған. Ем алушылар арасында 3 жүкті әйел бар.

47 ересек адам және 2 бала сауығып шықса, екі адам инфекциядан қайтыс болды.

Провизорлық орталықтарда 186 адам бар, оның ішінде 10-ы бала. Карантиндік оқшаулауда – 426 адам, ал үй карантинінде – 6199 адам отыр.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтады »»
24 мамыр 2020 - 10:34
Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтады. Қала әкімі құттықтау сөзін өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.   «Мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының аяқталып, Ораза айт мерекесінің басталуымен құттықтаймын! Бұл күнде адам баласы сауапты іс жасап, мұқтаж жандарға көмектесуге асығады. Ең ізгі тілектер орындалып, әр үйде бейбітшілік пен ынтымақ орнасын! Ораза айт қабыл болсын!» – делінген құттықтауда. ...
Б. Сағынтаев Алматыда бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шараларының алғашқы нәтижесіне баға берді »»
22 мамыр 2020 - 21:31
Алматы қаласының Наурызбай ауданында ШОБ үшін шағын өнеркәсіп парктері салынуда   Жұмыс сапары барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ШОБ-ты қолдаудың үдемелі шаралары шеңберінде құрылатын шағын өнеркәсіптік парктерді құру жөніндегі жобаның жүзеге асырылуымен танысты. Тоқтап қалған базаларды қайта жаңғырту Almaty Finance компаниясының жеңілдетілген қаржылық қолдауымен жүргізіледі. Дайын өндірістік үй-жайлар шағын және орта бизнес субъектілеріне кейін сатып алу құқығымен төмен бағаға жалға беріледі....
Алматыда борыш пен еңбекақы төлемінің кешіктірілуін болдырмау бойынша күшейтілген режимде шаралар қабылдануда »»
22 мамыр 2020 - 21:04
Бұл туралы карантин жағдайындағы еңбек заңнамасындағы өзгерістер және еңбек қатынастарын реттеу аспектілері тақырыбы төңірегінде өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мен қаланың бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова тарқатты.   Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева Халықаралық Еңбек Ұйымының мәліметтеріне сүйене отырып, коронавирустық пандемия салдарынан бүгінде әлемдік еңбек нарығы ең ауыр дағдарыстардың бірін ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56