^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 25 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда жүріп-тұру рұқсатын портал арқылы аласыз
13 сәуір 2020

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте шаһар басшысының бірінші орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді.

 

Айтуынша, бұдан былай ТЖ режимі кезінде Алматыда жүріп-тұру рұқсаты портал арқылы берілмек. Бұл сайт 14 сәуірде іске қосылады.

«Жедел штабтың шешімімен қаладағы бірқатар кәсіпорындарға жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бұл кәсіпкерлердің жүріп-тұруына рұқсат өткен айда берілді. Сондай-ақ қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуге қатысы бар тұлғалардың деректер базасы құрылды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, кейбір кәсіпкерлер мүмкіндікті пайдаланып, өз кәсіпорындарының тізіміне кейбір автомобильдер мен осы жұмысқа мүлдем қатысы жоқ адамдарды енгізген. Сондықтан ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында біз жаңа портал әзірледік», – деді С. Тұяқбаев.

Бұл ретте аталған сайт кәсіпорын қызметінің рұқсат етілмеген түрлерін анықтап отыруға септігін тигізбек.

«Мәселен бір кәсіпорында 50 адам жұмыс істейді делік. Ендеше портал бұл мекемеден 50-ден астам адамды қабылдамайды. Өтінім мекеменің бірінші басшысының ЭЦҚ-сы арқылы қабылданады. Бұл оған жеке жауапкершілік жүктейді. Жалған ақпарат берген жағдайда жауапқа бірінші басшы тартылады», – деді Сапарбек Тұяқбаев.

Айта кету керек, бұл портал infoalmaty.kz. мекен-жайы бойынша қолжетімді болмақ. Сіздің қалада жүріп-тұруға рұқсатыңыздың бар-жоғын білу үшін ЖСН-ді енгізу керек. Ал кәсіпорындар үшін БСН-ді енгізсе жеткілікті.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтады »»
24 мамыр 2020 - 10:34
Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтады. Қала әкімі құттықтау сөзін өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.   «Мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының аяқталып, Ораза айт мерекесінің басталуымен құттықтаймын! Бұл күнде адам баласы сауапты іс жасап, мұқтаж жандарға көмектесуге асығады. Ең ізгі тілектер орындалып, әр үйде бейбітшілік пен ынтымақ орнасын! Ораза айт қабыл болсын!» – делінген құттықтауда. ...
Б. Сағынтаев Алматыда бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шараларының алғашқы нәтижесіне баға берді »»
22 мамыр 2020 - 21:31
Алматы қаласының Наурызбай ауданында ШОБ үшін шағын өнеркәсіп парктері салынуда   Жұмыс сапары барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ШОБ-ты қолдаудың үдемелі шаралары шеңберінде құрылатын шағын өнеркәсіптік парктерді құру жөніндегі жобаның жүзеге асырылуымен танысты. Тоқтап қалған базаларды қайта жаңғырту Almaty Finance компаниясының жеңілдетілген қаржылық қолдауымен жүргізіледі. Дайын өндірістік үй-жайлар шағын және орта бизнес субъектілеріне кейін сатып алу құқығымен төмен бағаға жалға беріледі....
Алматыда борыш пен еңбекақы төлемінің кешіктірілуін болдырмау бойынша күшейтілген режимде шаралар қабылдануда »»
22 мамыр 2020 - 21:04
Бұл туралы карантин жағдайындағы еңбек заңнамасындағы өзгерістер және еңбек қатынастарын реттеу аспектілері тақырыбы төңірегінде өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мен қаланың бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова тарқатты.   Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева Халықаралық Еңбек Ұйымының мәліметтеріне сүйене отырып, коронавирустық пандемия салдарынан бүгінде әлемдік еңбек нарығы ең ауыр дағдарыстардың бірін ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56