^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 25 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Портал барынша оңай жұмыс істейтін болады
13 сәуір 2020

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев қалада жүріп-тұру рұқсатын беретін портал жайында айтып өтті.

 

Оның айтуынша, ертең іске қосылатын портал барынша оңай жұмыс істейтін болады. Яғни, кәсіпорын немесе жеке кәсіпкер қала бойынша жүріп-тұруға рұқсаты бар немесе жоқ екенін анықтау үшін: ол өзінің ЖСН (ЖК үшін) және БСН (кәсіпорын үшін) нөмірін енгізеді.

Бұдан әрі бағдарлама алгоритм негізінде қалада жалдамалы қызметкерлерге жүріп-тұруға болатынын өзі анықтайды. Егер әкімдіктен тізімдерге сәйкес қалада жүріп-тұру мүмкін болса, сәйкесінше, ұяшықтарды толтыру үшін келесі терезе ашылады.

Бұдан әрі қызметкерлердің ЖСН енгізіледі. Автокөлік құралдары – мемлекеттік нөмірлерді енгізу арқылы анықтай алады. Одан кейін құжаттарға қол қою ережелерімен келісуге арналған үш белгі болады. Содан кейін электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) екінші бөлігін қосып, «келісемін» дегенді басу қажет. Осыдан кейін барлық құрылған база штабқа әрі қарай қарауға жіберіледі», – деп атап өтті спикер.

 

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтады »»
24 мамыр 2020 - 10:34
Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтады. Қала әкімі құттықтау сөзін өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.   «Мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының аяқталып, Ораза айт мерекесінің басталуымен құттықтаймын! Бұл күнде адам баласы сауапты іс жасап, мұқтаж жандарға көмектесуге асығады. Ең ізгі тілектер орындалып, әр үйде бейбітшілік пен ынтымақ орнасын! Ораза айт қабыл болсын!» – делінген құттықтауда. ...
Б. Сағынтаев Алматыда бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шараларының алғашқы нәтижесіне баға берді »»
22 мамыр 2020 - 21:31
Алматы қаласының Наурызбай ауданында ШОБ үшін шағын өнеркәсіп парктері салынуда   Жұмыс сапары барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ШОБ-ты қолдаудың үдемелі шаралары шеңберінде құрылатын шағын өнеркәсіптік парктерді құру жөніндегі жобаның жүзеге асырылуымен танысты. Тоқтап қалған базаларды қайта жаңғырту Almaty Finance компаниясының жеңілдетілген қаржылық қолдауымен жүргізіледі. Дайын өндірістік үй-жайлар шағын және орта бизнес субъектілеріне кейін сатып алу құқығымен төмен бағаға жалға беріледі....
Алматыда борыш пен еңбекақы төлемінің кешіктірілуін болдырмау бойынша күшейтілген режимде шаралар қабылдануда »»
22 мамыр 2020 - 21:04
Бұл туралы карантин жағдайындағы еңбек заңнамасындағы өзгерістер және еңбек қатынастарын реттеу аспектілері тақырыбы төңірегінде өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мен қаланың бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова тарқатты.   Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева Халықаралық Еңбек Ұйымының мәліметтеріне сүйене отырып, коронавирустық пандемия салдарынан бүгінде әлемдік еңбек нарығы ең ауыр дағдарыстардың бірін ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56