^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 10 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев алматылықтарды карантин ережелерін сақтауға шақырды
21 мамыр 2020

Бүгін Жетісу ауданына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Б.Сағынтаев тұрғындарға карантин ережелерін сақтауды ұсынды.

 

Жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жүргізіліп жатқан нысандардың біріне барған кезінде аудан тұрғындары қала әкіміне инфрақұрылымды жақсарту бойынша өз тілектерін білдірді. Алайда олардың кейбірі медициналық маскасыз болды.

Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирус бойынша карантин әлі алынбағанын, жұқтыру қаупі бар екендігін еске салды.

"Медициналық маскаларды кию керек, сонымен қатар көшеде, дүкенде немесе дәріханада әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Сіздің өзіңіздің және жақындарыңыздың саулығы осыған байланысты. Сондықтан жауапкершілік таныту керек", - деді Б.Сағынтаев қала тұрғындарына.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі жөндеу жүргізіліп жатқан балабақшаны аралап көрді. Ол балабақша әлі ашылмай тұрып балалардың санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету алгоритмін дайындауды тапсырды.

"Біз балаларды ауру қаупінен сақтауымыз керек", - деп атап өтті Алматы әкімі.   Қақпадан бастап жатын бөлмелеріне дейін барлығын қарастыру қажет. Ата-аналар мен балалар әлеуметтік қашықтықты, үстелдерді, кереуеттерді де қауіпсіз қашықтықта сақтауы тиіс. Кіреберістер дезинфекцияланып, термометрия қамтамасыз етілуі керек.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда бүгін кеңауқымды акция бастау алды «Өзіңді сақта! Жақындарыңды сақта! Бетперде ки!» »»
10 шілде 2020 - 22:01
Оның мақсаты — азаматтардың назарын қарапайым талаптарға аударту, сол талаптарды орындау оларды қауіпті вирусты жұқтырудан сақтайды.   Бетперде киіп, карантин талаптарын сақтай отырып, алдымен біз тек өзіміз жайлы ғана емес, сонымен бірге, өзіміздің ең жақын жандарымыз, балаларымыз бен ата-аналарымыздың да қамын ойлаймыз. Дәл осы адамдар үшін ол өте қауіпті және қатерлі болуы мүмкін. Өзіңіз бен өзіңіздің отбасыңызды қорғаңыз, вирусты тоқтатуға көмектесіңіз! Бұл қазір әрқайсымызға байланысты!...
Алматы әуежайына COVID-19 қарсы дәрілік препараттардың ірі партиясы жеткізілді »»
10 шілде 2020 - 16:30
Алматы қаласының халықаралық әуежайына дәрілік препараттары бар бірінші әуе рейсі келіп қонды.   Бүгін барлығы екі рейспен Ресейден 55 тонна медикамент жеткізіледі, жүк құрамында әлеуметтік маңызды 10-нан астам препарат атауы бойынша шамамен 3 млн қаптама, соның ішінде, дене қызуын түсіретін және COVID-19-ға қарсы басқа да дәрілік құралдар бар. Тізімде — азитромицин, цефтазидим, ибупрофен, фраксипарин, метронидазол, цефтриаксон, гепарин, нимесулид, левофлоксацин, меропенем порошок, эноксапарин ...
Б. Сағынтаев: Алматыда дәрі-дәрмектің тұрақты қорын жасау үшін 5 млрд тг бөлінді »»
10 шілде 2020 - 14:13
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін өткізген жұмыс кеңесі барысында фарминдустрия өкілдерімен мегаполиске дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесін талқылады.   Қала әкімі Facebook-тағы өзінің парақшасында дистрибьюторлық компаниялар және дәріханалар желілері басшыларымен кезекті кездесуді жедел жағдайды әрі дәрі-дәрмек препараттарына деген сұранысты қамтамасыз етудің қажетті шараларын талқылау мақсатында өткізгенін жазды. «Таңертең дәрілік препараттарға сұранысты қамтамасыз ету және жедел жағ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz