^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 25 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасымен сауда нысандарында карантиндік талаптардың сақталуын қадағалау бойынша рейдтік шаралар өткізілді.
22 мамыр 2020

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен әкімдіктің мониторингтік тобымен Алматыда 2020 жылдың 20-21 мамыр күндері қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қатысуымен аумақта коронавирус инфекциясының таралуын ескерту бойынша карантин шараларының сақталуы жөнінде бірқатар нысандарға тексеру жүргізілді.

 

Мониторингтің топтың құрамына Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сағындықов, аудандық әкімдіктер мен «Атамекен» ҰКП және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері енген.

Карантин шараларының сақталуына мониторинг Көк базарда, «У дома» дүкендерінде, сұлулық салондары, электронды заттар дүкендері, сонымен қатар сауда орталықтарында жүргізілді.

Рейдтің басты мақсаты:

– қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес карантин шараларының сақталуын, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші нысандарда барлық қажетті жеке қорғаныс құралдарының (бетперде, қолғаптар), қолды өңдеу құралдарының (санитайзерлер) болуын қадағалау;

– қызметкерлер мен нысанға келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау.

Бірқатар нысандардан рейд барысында карантин шараларының бұзылғаны анықталды. Мәселен, «Көк базарда» кіреберісте тепловизордың жоқ екені, сатып алушылар арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталмауынан кезектің пайда болуы, белгілердің, сауда залдарында былғары антисептикті санитайзерлердің жоқтығы белгілі болды. Келушілерді бір жағынан ғана кіргізу ұсынысы жасалды.

«Көк базарды» басқаратын "Компания Достар Коммерц" ЖШС қатысты Ауданның басқарма басшысына анықталған тәртіп бұзушылықтар, ескертулер, жетіспеушіліктер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың 462-бабының 3-бөлімі бойынша хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салу үшін материалды сотқа беру тапсырылды. Аумағы 500 шаршы метрден асатын нысандардың жұмысына шектеу қойылғанына қарамастан, мониторингтік тексеру кезінде "Сити Центр" сауда орталығының 3 қабатында орналасқан, аумағы 700 шаршы метрден асатын жалға алынған дүкеннің жұмыс істеп жатқаны анықталды. Сол себепті Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аудандық басқармасының басшысына тиісті шараларды қолға алу тапсырылды», — деді Ж.Бекшин.

«Керуен» және «Ақбұлақ» базарларының жұмысын бағалауда санитарлық ережелердің талаптарға сай еместігі және тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндігінің жоқтығы анықталды. Тағы бес базардың басшыларына ескертулерді есепке ала отырып, оларды 1 маусымға дейін базарды тәртіпке келтіру ұсынылды.

ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 10.05.2020 №36 қаулысына сәйкес 4 қосымша «Азық-түлік базарларының жұмыс алгоритмі» талаптарының орындалмағаны анықталды. ҚР халқының арасында коронавирус инфекциясының таралуын ескерту бойынша шараларды одан ары күшейту туралы» келесі нысандарға қатысты: «Жұлдыз» базары «Жаңа бұлақ» ЖШС, «Тастақ» ЖШС «Тастақ» базары; «Көк базар» базары.

Сонымен қатар, «Скиф Трейд» ЖШС «Small» супермаркеті, «Белый ветер-KZ» ЖШС сауда нысандарында бетперде тағу, дезинфекциялық режим сақталмаған, келушілер арасында кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау талаптарының да орындалмағаны анықталды.

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 11.05.2020 №27 «Алматы қаласының аумағында коронавирус инфекциясының таралуын ескерту бойынша карантин шараларының сақталуы туралы» қаулысының талаптары бұзылғаны анықталды.

Одан бөлек, рейд кезінде карантин режимі аясында жұмысты жүргізу бойынша түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді.

Бүгінгі таңда мониторингтік топтармен 3 мыңға жуық нысан тексеріліп, олардың ішінде 93-нің карантин талаптарын сақтамау бойынша өрескел тәртіп бұзушылықтар анықталды. Ал жұмыстарын заңсыз жүргізіп отырған нысандарға олардың қызметін тоқтату шарасы қолданылды.




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтады »»
24 мамыр 2020 - 10:34
Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтады. Қала әкімі құттықтау сөзін өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.   «Мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының аяқталып, Ораза айт мерекесінің басталуымен құттықтаймын! Бұл күнде адам баласы сауапты іс жасап, мұқтаж жандарға көмектесуге асығады. Ең ізгі тілектер орындалып, әр үйде бейбітшілік пен ынтымақ орнасын! Ораза айт қабыл болсын!» – делінген құттықтауда. ...
Б. Сағынтаев Алматыда бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шараларының алғашқы нәтижесіне баға берді »»
22 мамыр 2020 - 21:31
Алматы қаласының Наурызбай ауданында ШОБ үшін шағын өнеркәсіп парктері салынуда   Жұмыс сапары барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ШОБ-ты қолдаудың үдемелі шаралары шеңберінде құрылатын шағын өнеркәсіптік парктерді құру жөніндегі жобаның жүзеге асырылуымен танысты. Тоқтап қалған базаларды қайта жаңғырту Almaty Finance компаниясының жеңілдетілген қаржылық қолдауымен жүргізіледі. Дайын өндірістік үй-жайлар шағын және орта бизнес субъектілеріне кейін сатып алу құқығымен төмен бағаға жалға беріледі....
Алматыда борыш пен еңбекақы төлемінің кешіктірілуін болдырмау бойынша күшейтілген режимде шаралар қабылдануда »»
22 мамыр 2020 - 21:04
Бұл туралы карантин жағдайындағы еңбек заңнамасындағы өзгерістер және еңбек қатынастарын реттеу аспектілері тақырыбы төңірегінде өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мен қаланың бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова тарқатты.   Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева Халықаралық Еңбек Ұйымының мәліметтеріне сүйене отырып, коронавирустық пандемия салдарынан бүгінде әлемдік еңбек нарығы ең ауыр дағдарыстардың бірін ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56