^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 13 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда борыш пен еңбекақы төлемінің кешіктірілуін болдырмау бойынша күшейтілген режимде шаралар қабылдануда
22 мамыр 2020

Бұл туралы карантин жағдайындағы еңбек заңнамасындағы өзгерістер және еңбек қатынастарын реттеу аспектілері тақырыбы төңірегінде өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мен қаланың бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова тарқатты.

 

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева Халықаралық Еңбек Ұйымының мәліметтеріне сүйене отырып, коронавирустық пандемия салдарынан бүгінде әлемдік еңбек нарығы ең ауыр дағдарыстардың бірін бастан өткеріп жатқанын атап өтті.

«Жасыратыны жоқ, мәжбүрлі карантиндік шаралардан шағын және орта кәсіпкерлік саласы көп зардап шекті. Осыдан екі ай бұрын төтенше жағдай басталған (16 наурыз) кезде азаматтардың өтініштерін шұғыл қарап, оң шешімдер қабылдап отыру мақсатында Жедел басқару штабы құрылды. Нәтижесінде жедел телефон желілері арқылы еңбек заңнамасының талаптары мен қажетті шараларын түсіндіру бойынша 700 адамға қызмет көрсетіліп, 490 жазбаша өтініш қаралды», — деді ол.

Одан әрі осы саладағы маңызды ақпараттармен Алматы қаласы бойынша бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова бөлісті. Оның сөзіне сүйенсек, осы жылдың 22 мамырындағы жағдай бойынша аталмыш басқарманың мемлекеттік инспекторлары 81 тексеру жүргізіп, еңбек заңнамасының 92 рет бұзылған дерегін анықтады.

Дер кезінде шаралар қабылданып, нәтижесінде 35 кәсіпорында 72 миллион теңге көлеміндегі жалақы бойынша қарыз өтелген. БЖЗҚ-ның дерегі бойынша, наурыз-сәуір айларында зейнетақы аударымдарын төмендеткен кәсіпорындардың тізімі анықталған. Енді аудандық әкімдіктермен бірлесіп, осындай аударымдардың неліктен төмендетілгендігіне талдау жүргізіледі. Сондай-ақ, жалақыны кешіктіру және төлемеу деректері бойынша да жұмыс берушілерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.

«Бүгінгі күні Алматы қаласында дәлі қазіргі және мерзімі өткен берешектер жоқ. Алайда, банкротқа ұшыраған кәсіпорындарда берешектер бар. Олар 438 қызметкер алдындағы қарызы 44 млн. теңгеден асып жығылады. Мұндай кәсіпорындардың әрқайсысымен аудандық әкімдіктермен, прокуратурамен, мемлекеттік кіріс департаментімен бірлесіп тиісті тексеру жұмыстары мен талдау жүргізіледі. Содан кейін барып жалақы бойынша қарыздарды қысқарту шаралары қабылданады», — деді А. Мұқажанова.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Сағынтаев: COVID-19-дың науқастарын емдеу үшін қосымша және резервтік орындар құрылады »»
11 шілде 2020 - 16:00
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Halyk Arena-дағы коронавирустық инфекциясы бар науқастарды емдейтін аурухана ретінде жұмыс істеуге дайындық барысымен танысты.   Қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында қаладағы инфекциялық және провизорлық ауруханаларға қосымша орындар ұйымдастыру туралы жазды. «Қаладағы жұқпалы және провизорлық стационарлар үшін қосымша ашылуға тиіс орындардың ұйымдастыру барысымен таныстым. Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған, соның ішінде реанимациялық 60 ор...
Алматыда бүгін кеңауқымды акция бастау алды «Өзіңді сақта! Жақындарыңды сақта! Бетперде ки!» »»
10 шілде 2020 - 22:01
Оның мақсаты — азаматтардың назарын қарапайым талаптарға аударту, сол талаптарды орындау оларды қауіпті вирусты жұқтырудан сақтайды.   Бетперде киіп, карантин талаптарын сақтай отырып, алдымен біз тек өзіміз жайлы ғана емес, сонымен бірге, өзіміздің ең жақын жандарымыз, балаларымыз бен ата-аналарымыздың да қамын ойлаймыз. Дәл осы адамдар үшін ол өте қауіпті және қатерлі болуы мүмкін. Өзіңіз бен өзіңіздің отбасыңызды қорғаңыз, вирусты тоқтатуға көмектесіңіз! Бұл қазір әрқайсымызға байланысты!...
Алматы әуежайына COVID-19 қарсы дәрілік препараттардың ірі партиясы жеткізілді »»
10 шілде 2020 - 16:30
Алматы қаласының халықаралық әуежайына дәрілік препараттары бар бірінші әуе рейсі келіп қонды.   Бүгін барлығы екі рейспен Ресейден 55 тонна медикамент жеткізіледі, жүк құрамында әлеуметтік маңызды 10-нан астам препарат атауы бойынша шамамен 3 млн қаптама, соның ішінде, дене қызуын түсіретін және COVID-19-ға қарсы басқа да дәрілік құралдар бар. Тізімде — азитромицин, цефтазидим, ибупрофен, фраксипарин, метронидазол, цефтриаксон, гепарин, нимесулид, левофлоксацин, меропенем порошок, эноксапарин ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz