^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев Алматыда бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шараларының алғашқы нәтижесіне баға берді
22 мамыр 2020

Алматы қаласының Наурызбай ауданында ШОБ үшін шағын өнеркәсіп парктері салынуда

 

Жұмыс сапары барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ШОБ-ты қолдаудың үдемелі шаралары шеңберінде құрылатын шағын өнеркәсіптік парктерді құру жөніндегі жобаның жүзеге асырылуымен танысты.

Тоқтап қалған базаларды қайта жаңғырту Almaty Finance компаниясының жеңілдетілген қаржылық қолдауымен жүргізіледі. Дайын өндірістік үй-жайлар шағын және орта бизнес субъектілеріне кейін сатып алу құқығымен төмен бағаға жалға беріледі.

Б. Сағынтаев Ala Estate ЖШС өнеркәсіптік паркінде болды. Кәсіпкер 2 мың шаршы метр аумаққа өндірістік үй-жайлар құрылысын жүргізу үшін 180 млн. теңге көлемінде инвестиция салған. Жұмыс істеп тұрған үй-жайларда жиһаз цехы және галантерея бұйымдарын өндіретін кәсіпорын ашылды. Бұл жерлер ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Наурызбай ауданында тоқтап тұрған базалардың орнында аумағы 7,2 мың шаршы метр болатын екі парк салынуда. Мұнда алғашқы жобалар да іске қосылды. Алатау ауданында ауданы 23 мың шаршы метр болатын 4 парк, тағы біреуі Түрксіб ауданында бой көтереді. Оның ауданы 9,7 мың шаршы метр. Осы жоба аясында 1,3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

«Бұл Almaty Business-2025 бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан ШОБ-ты қолдау бойынша шаралардың бірі. Қалалық және республикалық бағдарламалардың басты мақсаты – кәсіпкерлік саласында 10 мыңнан астам жұмыс орнын құру», – деп атап өтті қала әкімі Б. Сағынтаев.

Еске салсақ, бұған дейін Б. Сағынтаев шағын және орта бизнеске қолдау көрсету басты міндет болып табылатынын тілге тиек еткен еді. Өйткені Алматының еліміздің қаржы және іскерлік орталығына айналуы осыған тікелей байланысты. Әкімдіктің ұйытқы болуымен қолға алынған негізі бағдарлама Almaty Business-2025 болып табылады. Осы мақсатта индустриалды аймақтың жұмысы жанданып, шағын өнеркәсіптік парктер құрылуда.

Қала әкімі жұмыс сапары барысында Наурызбай ауданындағы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасының іске асуымен танысты. Яғни, арық желілерін, тротуарларды жөндеу және аумақты абаттандыру барысы қаралды. Жалпы 2020 жылы Наурызбай ауданында «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы аясында 22 нысанды ағымдағы жөндеуден өткізу жобалары жоспарланған. Бұларда 341 жұмысшы еңбек ететін болады.





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматылықтар үшін ақылы жастар тәжірибесі: 150-ден астам түлек жұмысқа орналасты »»
14 тамыз 2020 - 18:15
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықтары мен халықты Жұмыспен Қамту орталығы белсенді жұмыс істейді.   Орталықтардың басты міндеті – жұмыс тәжірибесі жоқ (29 жастан аспаған) жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. «Жастар практикасы бағдарламасына» осы критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға...
Алматы әкімдігі тұрғындардың қала аумағында ағаш егуге қатысты ұсыныстарын қабылдауға дайын »»
14 тамыз 2020 - 17:39
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская мегаполис аумағын жасыл желектендіру мәселелері бойынша қала тұрғынының ұсынысына қолдау білдірді.   Алматы қаласы әкімдігінің парақшасына тікелей эфир кезінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Алматы тұрғыны Айгүл Тұрысбекова комментрий қалдырған.   «Ағаш отырғызуға болатын бос жатқан жерлердің мекен-жайларын Жасыл экономика Басқармасының ФБ а...
Жыл соңына дейін Алматыда ағаштар саны 250 мыңға көбейеді »»
14 тамыз 2020 - 17:50
Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты. Сонымен бірге, брифингке Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Абдрешев қатысты.   Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған Jasyl Almaty акциясының аясында көктемде 8 мың ағаш және 110 мың шаршы метр аумаққа гүлзар егілді. Күзгі маусымда шамамен 250 мың жасыл желек, оның ішінде 280 мың жапырақты және 8 мың қылқанжапырақты тұқымынан е...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz