^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 7 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
30 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы
30 мамыр 2020

Кіреберістер мен аулалар бойынша

29 мамырға жоспарланған 8363 кіреберіс (3038 үйде) және 1440 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 454 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 77,7 мың. литр дайын ерітінді қолданылды.

30 мамырдағы заласыздардырудың үшінші күні жоспар бойынша 2703 үйдің 7442 кіреберісі мен 1348 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 411 адамы бар 59 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша

29 мамыр күні 4 602 мың шаршы метр көше, оның ішінде 505 сауда нысандарының, 32 медицина мекемелерінің, 3 қызмет көрсету нысандарының  (Алатау ауданы– 57, Алмалы ауданы – 86, Әуезов ауданы – 70, Бостандық ауданы – 25, Жетісу ауданы – 36, Медеу ауданы – 83, Наурызбай ауданы – 18, Турксіб ауданы - 165) кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 838 мың шаршы метр тротуарлар және 1335 басқа да нысандар, 178 контейнерлік алаң мен 878 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарлар, сауда нысандарының, медицина мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері) жуу және дезинфекциялау үшін: – 146 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 72 бірлік); – 1214 жол жұмысшысы (оның ішінде 134 дезинфектор).

540 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 23 869 мың литр ерітінді қолданылды).   Сонымен қатар, 1388  контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1160 тоннаны құрады.

30 мамыр күнгі жоспарлы жұмыстар: – 139 бірлік арнайы техника (оның ішінде 72 бірлік дезинфекцияға); – 1208 жол жұмысшысы (оның ішінде 138 дезинфектор).

Контейнер алаңдарын өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу жалғасуда »»
06 шілде 2020 - 21:37
  Алматыда қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың төрағалық етуімен өткен арнайы кеңесінде "Inkar" ЖШС қалаға қосымша 150 000 дана "Парацетамол" әкелінгені және жуық арада 850 000 дана дәрі жеткізілетіні туралы хабарлады.     Сондай-ақ, жұмыс кездесуіне Алматы қаласының бас санитариялық дәрігерінің орынбасары, қаланың құқық қорғау органдарының, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Тауарлардың және қызметтердің са...
Алматыда Елорда күніне орай бірқатар өнеркәсіп нысандарының өндірістік цехтары модернизацияланды »»
06 шілде 2020 - 21:01
Астана күніне орай қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Алматыда бірқатар өндіріс нысандары іске қосылып, жаңғырту процесі аяқталды. Бұл жерде «Масло-Дел» ЖШС, «Папироне» ЖШС, «Дор-Хан-Алматы» ЖШС, «Солнечный сүт зауыты» ЖШС жайлы сөз болып отыр.   «Масло-Дел» ЖШС жұмыс істеп тұрған өндірісін кеңейтуде, оның ішінде соустар, майонездер және кетчуптар өндіруде, өсімдік майын құятын қойма кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Осылайша,...
Бақытжан Сағынтаевтың бамтамасымен ЖМКА жанында ПТР скрининг жүргізу үшін мобильді зертхана ашылды »»
06 шілде 2020 - 21:18
Халықты COVID-19-ды диагностикалауды одан ары кеңейту мақсатында Алматы қаласының әкімшілігімен зертханалардың қуаттылығын арттыру бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының аумағында ПТР тестілеу әдісі арқылы сараптамаларды зерттеу үшін жекеменшік мобильді зертхана іске қосылды.   Зертхана PSI Group компаниялар тобымен жасалған және отандық өндіруші Қарасай машина зауытымен дайындалған. &la...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz