^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 7 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Аntikorortalygy сервис орталығы іске қосылды
30 мамыр 2020

Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қоғамдық қабылдау форматында (Open Space) жаңа Аntikorortalygy сервис орталығы ашылды.

 

Орталықтың ашылуына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары И. Рогов, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар, академиялық орта мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Бұл орталық халықпен өзара байланыс орнатуда жаңа тиімді форма болып табылады және азаматтардың сенімділігін арттыру үшін қызмет етеді.

«Ел президенті жариялаған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес кері байланысты және қала халқының алдында ашықтықты күшейту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көлемі ұлғайып келеді. Мұның барлығы қоғамның сұранысына қарай оң әсерін беруде», — деді Б. Сағынтаев.

Өз кезегінде Агенттік төрағасы мемлекеттік органдар арқылы көрсетілетін қызмет әдістерін трансформациялау сөзсіз заман талабы екенін тілге тиек етті.

«Бүгінде біз шенеуніктердің ұйымдастыру мәдениетінің қалай өзгеріп жатқанын – мемлекеттік қызметкерлер мен басшылар азаматтарға біршама жақындай түскенін көріп отырмыз. Тәжірибе көрсеткендей, келіп түскен шағымдар, үндеулермен жұмыс істеу, нақты «проблемалы аймақтарда» топтастыру (фокусирование) және олардың шешімін табу сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың, сәйкесінше, азаматтардың «сенімділігін арттырудың тиімді әдісі болып табылады», — деп атап өтті А. Шпекбаев.

И.Роговтың айтуынша, тұтынушының қажеттілігін қанағататтандыру — Агенттік белсенді түрде көтеріп отырған адалдық (көрегенделік) идеологиясының маңызды бөлігін құрап отырған басты міндеттердің бірі.

Сервистік орталық Жібек жолы, 15 мекен-жайында орналасқан. Мұнда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өтініштер қабылданып, кеңес беріледі. Сонымен бірге, қоғам, ҮЕҰ, жастар ұйымдарының, діни және этномәдени ұйымдардың, мемлекеттік және құқық қорғау құрылымдарының жемқорлыққа қарсы күресте күшін біріктіреді.

Орталықтың бірінші қабатында азаматтарды қабылдауға арналған, процессуалды офицер жеке кеңсе-кабиналары мен «Алматы — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі үшін арналған кабина бар. Сонымен бірге, бұл жерде «Мейірімділік акселераторы», «Адал көмек», «Protecning business and investments» сияқты басқа да жобалар бойынша қызмет көрсетілетін болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу жалғасуда »»
06 шілде 2020 - 21:37
  Алматыда қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың төрағалық етуімен өткен арнайы кеңесінде "Inkar" ЖШС қалаға қосымша 150 000 дана "Парацетамол" әкелінгені және жуық арада 850 000 дана дәрі жеткізілетіні туралы хабарлады.     Сондай-ақ, жұмыс кездесуіне Алматы қаласының бас санитариялық дәрігерінің орынбасары, қаланың құқық қорғау органдарының, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Тауарлардың және қызметтердің са...
Алматыда Елорда күніне орай бірқатар өнеркәсіп нысандарының өндірістік цехтары модернизацияланды »»
06 шілде 2020 - 21:01
Астана күніне орай қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Алматыда бірқатар өндіріс нысандары іске қосылып, жаңғырту процесі аяқталды. Бұл жерде «Масло-Дел» ЖШС, «Папироне» ЖШС, «Дор-Хан-Алматы» ЖШС, «Солнечный сүт зауыты» ЖШС жайлы сөз болып отыр.   «Масло-Дел» ЖШС жұмыс істеп тұрған өндірісін кеңейтуде, оның ішінде соустар, майонездер және кетчуптар өндіруде, өсімдік майын құятын қойма кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Осылайша,...
Бақытжан Сағынтаевтың бамтамасымен ЖМКА жанында ПТР скрининг жүргізу үшін мобильді зертхана ашылды »»
06 шілде 2020 - 21:18
Халықты COVID-19-ды диагностикалауды одан ары кеңейту мақсатында Алматы қаласының әкімшілігімен зертханалардың қуаттылығын арттыру бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының аумағында ПТР тестілеу әдісі арқылы сараптамаларды зерттеу үшін жекеменшік мобильді зертхана іске қосылды.   Зертхана PSI Group компаниялар тобымен жасалған және отандық өндіруші Қарасай машина зауытымен дайындалған. &la...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz