^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 7 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев блок-бекеттерде қызмет еткен азаматтарға алғыс айтты
31 мамыр 2020

Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында 1 маусымға қараған түні қала периметрі бойынша орналасқан кедергілердің алынатынын хабарлады. Сондай-ақ ол блок-бекеттерде жұмыс істеген барлық қызметкерлерге алғысын білдірді.

 

«1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттерді аламыз. ТЖ режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл – коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды. Барлық полиция, санитарлық қызмет, фито- және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысымды білдіремін», — деген Б. Сағынтаев осы 2,5 айдың ішінде олар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен орындап, тәулік бойы қызмет көрсеткенін мәлімдеді.

Қала әкімі шектеулерді алуға елде, соның ішінде Алматы бойынша жағдайды тұрақтандырудың арқасында мүмкін болғанын ерекше атап өтті.

Б. Сағынтаев барлық кәсіпорындар мен ұйымдар санитарлық қауіпсіздіктің күшейтілген шаралары негізінде жұмыс істейтінін еске салды. Үйлерді, аула алаңдары мен көшелерді дезинфекциялау жүргізіле береді.

«Белгіленген тәртіпке бағынып, сангигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс бетперделерін киіп жүруге шақырамын. Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!», — деп қорытындылады сөзін шаһар басшысы.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу жалғасуда »»
06 шілде 2020 - 21:37
  Алматыда қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың төрағалық етуімен өткен арнайы кеңесінде "Inkar" ЖШС қалаға қосымша 150 000 дана "Парацетамол" әкелінгені және жуық арада 850 000 дана дәрі жеткізілетіні туралы хабарлады.     Сондай-ақ, жұмыс кездесуіне Алматы қаласының бас санитариялық дәрігерінің орынбасары, қаланың құқық қорғау органдарының, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Тауарлардың және қызметтердің са...
Алматыда Елорда күніне орай бірқатар өнеркәсіп нысандарының өндірістік цехтары модернизацияланды »»
06 шілде 2020 - 21:01
Астана күніне орай қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Алматыда бірқатар өндіріс нысандары іске қосылып, жаңғырту процесі аяқталды. Бұл жерде «Масло-Дел» ЖШС, «Папироне» ЖШС, «Дор-Хан-Алматы» ЖШС, «Солнечный сүт зауыты» ЖШС жайлы сөз болып отыр.   «Масло-Дел» ЖШС жұмыс істеп тұрған өндірісін кеңейтуде, оның ішінде соустар, майонездер және кетчуптар өндіруде, өсімдік майын құятын қойма кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Осылайша,...
Бақытжан Сағынтаевтың бамтамасымен ЖМКА жанында ПТР скрининг жүргізу үшін мобильді зертхана ашылды »»
06 шілде 2020 - 21:18
Халықты COVID-19-ды диагностикалауды одан ары кеңейту мақсатында Алматы қаласының әкімшілігімен зертханалардың қуаттылығын арттыру бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының аумағында ПТР тестілеу әдісі арқылы сараптамаларды зерттеу үшін жекеменшік мобильді зертхана іске қосылды.   Зертхана PSI Group компаниялар тобымен жасалған және отандық өндіруші Қарасай машина зауытымен дайындалған. &la...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz