^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Сағынтаев алматылық өндірушілерді қолдауды тапсырды
17 маусым 2020

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында Әуезов ауданындағы жеңіл өнеркәсіп орындары  мен полиэтилен құбырын шығаратын зауытта болды.

 

«Спира-Берга» зауытында газ және сумен қамту, су құбырының инженерлік желілері үшін полиэтилен құбырларын шығару дұрыс жолға қойылған. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жоғары, мұнда жылына 8 мың тоннадан астам өнім шығарылады. 75 жұмыс орны құрылды.

Қала әкімі алты желі арқылы атқарылатын өндіріс үрдісімен танысты. Жұмыс процесстерінің басым бөлігі автоматтандырылған,  оның ішінде цифрлық бақылау және барлық жұмыс тораптары мен агрегаттарының параметрлерін басқару да бар.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кәсіпорын жабдықтарын модернизациялауда, ал бұл жұмыс сапасын арттырып, құбырларды механикалық және ультракүлгін сәулелерден зақымданудан қорғауда. Зауыт Алматының су, газ, кәріз құбырларына, сонымен қатар кабельдерді суару және құрғату жүйелерін қорғайтын құбырларға деген сұранысын қамтамасыз ете  алады.

Б. Сағынтаев  құбырлар ассортиментін игеруді және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және мердігерлік компаниялармен бірге кәсіпорындардың тапсырыс  беру мәселесін қарастыруды тапсырды.

Алматы әкімі «Мануфактура 24» ЖШС әйелдердің дизайнерлік киімдер шығаратын  өндірістік цехында болды. Мұнда 24 адам жұмыс істейді.

Б. Сағынтаев қалаға  белгілі бір тауарларға және қызметтерге деген сұранысты  қанғаттандыратын әрі сапалы жұмыс орындарын ашатын осындай ШОБ кәсіпорындарының қажет екенін атап өтті.




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматылықтар үшін ақылы жастар тәжірибесі: 150-ден астам түлек жұмысқа орналасты »»
14 тамыз 2020 - 18:15
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықтары мен халықты Жұмыспен Қамту орталығы белсенді жұмыс істейді.   Орталықтардың басты міндеті – жұмыс тәжірибесі жоқ (29 жастан аспаған) жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. «Жастар практикасы бағдарламасына» осы критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға...
Алматы әкімдігі тұрғындардың қала аумағында ағаш егуге қатысты ұсыныстарын қабылдауға дайын »»
14 тамыз 2020 - 17:39
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская мегаполис аумағын жасыл желектендіру мәселелері бойынша қала тұрғынының ұсынысына қолдау білдірді.   Алматы қаласы әкімдігінің парақшасына тікелей эфир кезінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Алматы тұрғыны Айгүл Тұрысбекова комментрий қалдырған.   «Ағаш отырғызуға болатын бос жатқан жерлердің мекен-жайларын Жасыл экономика Басқармасының ФБ а...
Жыл соңына дейін Алматыда ағаштар саны 250 мыңға көбейеді »»
14 тамыз 2020 - 17:50
Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты. Сонымен бірге, брифингке Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Абдрешев қатысты.   Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған Jasyl Almaty акциясының аясында көктемде 8 мың ағаш және 110 мың шаршы метр аумаққа гүлзар егілді. Күзгі маусымда шамамен 250 мың жасыл желек, оның ішінде 280 мың жапырақты және 8 мың қылқанжапырақты тұқымынан е...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz