^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: «Қалалықтардан карантин режимін күшейту жөніндегі жаңа шараларға түсіністікпен қарауды сұраймын»
18 маусым 2020

Бүгін ҚР Президентінің тапсырмасын, сонымен қатар ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімін орындау үшін Алматы қаласының әкімі қалалық комиссияның отырысын өткізді. Онда қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылданды.

 

«Осы орайда Алматыда да карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды. Қала тұрғындарынан көшеде жүруін шектетуін сұраймыз. Әсіресе қарт адамдардың үйде отырғаны абзал. Қаупі дендеп бара жатқан мына ауруды тұншықтыру өзімізге байланысты екенін естен шығармайық», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Бүгінгі күні Алматыда COVID-19 жұқтырған 3217 оқиға тіркелді. Коронавирус індетінің таралу ауқымын ескере отырып, Алматы қаласы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын сақтау үшін демалыс күндері (сенбі, жексенбі) – 2020 жылдың 20-21 маусымында қосымша шаралар енгізіледі.

Осылайша, демалыс күндері коронавирус инфекциясының таралу тәуекелінің жоғары болуы мүмкін нысандардың қызметтері тоқтатылады:

- «үйдегі дүкендер» форматындағы филиалдардан өзге ірі сауда желілері (азық-түліктік және азық-түліктік емес);

- базарлар (азық-түліктік, азық-түліктік емес, әмбебап), сауда-ойын сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері;

- әлеуметтік қашықтықты және санитарлық эпидемиологиялық нормаларды сақтаған көше форматындағы ашық аспан астындағы нысандардан өзге қоғамдық тамақтану нысандары;

- қалалықтар жаппай шоғырланатын орындар, оның ішінде жаяу жүргіншілер аймақтары, серуендейтін көшелер, парктер, скверлер, өзен арналары, жағажай, аквапарктер, алаңдар, балалар мен спорт алаңдары және т.б.

- Алматы қаласы аумағындағы туристік аймақтар;

- фитнес-орталықтар.

Бұдан өзге, а.ж. 20-21 маусым күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады.

Айта кетерлігі, жұмыстары тоқтаған барлық нысандарға санитарлық-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі.

Қосымша шаралардың басты міндеті – коронавирустың таралу тізбегін жою, жаңа жұқтыру оқиғаларының тәуекелін төмендету.

Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі комиссия қалалықтардан қалада жүруді азайтуды, әсіресе тәуекел санатына жататын қарт адамдарға үйде қалуды ұсынады.

Еске салсақ, эпидемияға қарсы шараларды бұзғандардың жеке жауапкершілікке тартылуы қарастырылған. Полиция қызметкерлері адамдар жаппай жиналатын орындарда жаңадан енгізілген шаралардың сақталуын қадағалау бойынша патрульдік қызметті күшейтетін болады.

Анықтама үшін Open Almaty қоғамдық қабылдау 1308 нөмірі бойынша жұмыс істейді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматылықтар үшін ақылы жастар тәжірибесі: 150-ден астам түлек жұмысқа орналасты »»
14 тамыз 2020 - 18:15
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықтары мен халықты Жұмыспен Қамту орталығы белсенді жұмыс істейді.   Орталықтардың басты міндеті – жұмыс тәжірибесі жоқ (29 жастан аспаған) жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. «Жастар практикасы бағдарламасына» осы критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға...
Алматы әкімдігі тұрғындардың қала аумағында ағаш егуге қатысты ұсыныстарын қабылдауға дайын »»
14 тамыз 2020 - 17:39
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская мегаполис аумағын жасыл желектендіру мәселелері бойынша қала тұрғынының ұсынысына қолдау білдірді.   Алматы қаласы әкімдігінің парақшасына тікелей эфир кезінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Алматы тұрғыны Айгүл Тұрысбекова комментрий қалдырған.   «Ағаш отырғызуға болатын бос жатқан жерлердің мекен-жайларын Жасыл экономика Басқармасының ФБ а...
Жыл соңына дейін Алматыда ағаштар саны 250 мыңға көбейеді »»
14 тамыз 2020 - 17:50
Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты. Сонымен бірге, брифингке Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Абдрешев қатысты.   Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған Jasyl Almaty акциясының аясында көктемде 8 мың ағаш және 110 мың шаршы метр аумаққа гүлзар егілді. Күзгі маусымда шамамен 250 мың жасыл желек, оның ішінде 280 мың жапырақты және 8 мың қылқанжапырақты тұқымынан е...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz