^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Сағынтаев Алматының медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
19 маусым 2020

Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіби мереке – Медицина қызметкері күнімен құттықтау үшін қаланың медицина қауымдастығымен онлайн-кездесу өткізді.

 

Қала әкімі дәрігерлерге және мегаполистің барлық медицина қызметкерлеріне алғыс сөздерін жеткізді.

«Гиппократ антына адал ақ халатты абзал жандар, Сіздер уақыт сынына төтеп бере білдіңіздер. Коронавируспен күресте сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз үшін барша алматылықтардың атынан алғысымды білдіремін. Адам саулығының қорғаны болып жүрген бұл мамандық иелерінің беделіне баға жетпейді»,-деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Қала әкімі Б. Сағынтаев Алматының үнемі дамыған медицина орталығы болғандығын баса көрсетті. Мұнда ғылыми-зерттеу институттары және орталықтар, медициналық білім беретін ұйымдар, қалалық, республикалық, ведомствалық, жеке клиникалар шоғырланған, қалада 30 мыңнан астам медицина қызметкерлері еңбек етеді.

Жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында кәсіби байқаулар өткізіледі. Биыл мамандықтың үздігін анықтайтын бұл байқау 13 номинация бойынша өтті. Атап айтқанда, үздік дәрігер және медбике, үздік инфекционист, емхана мен жедел жәрдемнің үздік дәрігері, сондай-ақ үздік жүргізуші. Байқасаңыз, әр мамандықтың еңбегі өте маңызды.

«Бұл байқау Сіздердің әрқайсыңыздың еңбектеріңіздің барынша маңызды екенін көрсетеді. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймын», - деп атап өтті Б. Сағынтаев және коронавируспен күресте жанкештілік танытып жүрген екі мыңнан астам дәрігердің ерен еңбектерін ерекше бағалады.

Қалаға сіңірген зор еңбектері үшін бес медицина қызметкері «Еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бірқатар медицина қызметкерлері қала әкімінің алғыс хаттарын иеленді.

«Пандемия бізді көп нәрсеге үйретті. Ортақ күш-жігерімізбен біз бұл қиындықты да абыроймен еңсереміз, алматылықтардың денсаулығын сақтау мен нығайту жолында бәріміз бірігіп, аянбай еңбек етеміз, мен бұған сенімдімін», - деп атап өтті Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

Қала әкімінің осы қызметке тағайындалған күннен бастап денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше назар аударып келе жатқаны бұрыннан белгілі. Оның тікелей тапсырмасы бойынша қаланың барлық медицина мекемелеріне материалдық-техникалық жағынан жабдықталуына қатысты аудит жүргізілді. Жергілікті және республикалық бюджет арқылы қаржыландыру бойынша медицина мекемелерін жабдықтаудың үш жылдық жоспары жасалды. Осының арқасында Алматының медицина мекемелерінің жабдықталу деңгейін 90%-ға жеткізу жоспарланған.

Айта кетерлігі, қалаға қосылған аудандарда «қадамдық қолжетімділік» қағидасы бойынша алғашқы медициналық көмек көрсететін мекемелер іске қосылды. Мысалы, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарында жалпы практика дәрігерлерінің 171 қосымша учаскесі ашылды. Жалпы қала бойынша жалпы практиканың 931 учаскесі ұйымдастырылды.

Бұлардан өзге, 2019 жылдың 10 маусымынан бастап 10 дәрігерлік амбулатория ашылды, Жоғары медициналық колледж бен №30 қалалық емхана күрделі жөндеуден өтті.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесінде медициналық сауықтыру көлемі 7,4 есе өсті. Алматы қаласы бойынша стационарлық және стационарды алмастыру нысандарын қаржыландыру 4 есеге, ал клиникалық-диагностикалық қызметті қаржыландыру да 4 есеге артты.

2019 жылдың маусымы 2020 жылдың мамыр айы аралығында денсаулық сақтаудың 5 нысаны іске қосылды, оның ішінде жедел жәрдемнің 2 қосалқы станциясы және психикалық сауықтыру Орталығының қалалық корпусы бар.




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматылықтар үшін ақылы жастар тәжірибесі: 150-ден астам түлек жұмысқа орналасты »»
14 тамыз 2020 - 18:15
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықтары мен халықты Жұмыспен Қамту орталығы белсенді жұмыс істейді.   Орталықтардың басты міндеті – жұмыс тәжірибесі жоқ (29 жастан аспаған) жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. «Жастар практикасы бағдарламасына» осы критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға...
Алматы әкімдігі тұрғындардың қала аумағында ағаш егуге қатысты ұсыныстарын қабылдауға дайын »»
14 тамыз 2020 - 17:39
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская мегаполис аумағын жасыл желектендіру мәселелері бойынша қала тұрғынының ұсынысына қолдау білдірді.   Алматы қаласы әкімдігінің парақшасына тікелей эфир кезінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Алматы тұрғыны Айгүл Тұрысбекова комментрий қалдырған.   «Ағаш отырғызуға болатын бос жатқан жерлердің мекен-жайларын Жасыл экономика Басқармасының ФБ а...
Жыл соңына дейін Алматыда ағаштар саны 250 мыңға көбейеді »»
14 тамыз 2020 - 17:50
Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты. Сонымен бірге, брифингке Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Абдрешев қатысты.   Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған Jasyl Almaty акциясының аясында көктемде 8 мың ағаш және 110 мың шаршы метр аумаққа гүлзар егілді. Күзгі маусымда шамамен 250 мың жасыл желек, оның ішінде 280 мың жапырақты және 8 мың қылқанжапырақты тұқымынан е...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz