^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алмалы ауданында 20-21 маусым күндері жұмысын тоқтататын нысандар тізімі айтылды
19 маусым 2020

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев тұрғындарды карантиндік шараларды сақтауға шақырды және 20-21 маусым демалыс күндері өз қызметін тоқтататын аудандағы нысандарды жария етті.

 

Еске салсақ, 2020 жылдың 18 маусымында ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстанда, оның ішінде Алматы қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін демалыс күндері (20-21 маусым) қосымша шектеу шараларын қабылдаған болатын.

«Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қалалық Комиссия қабылдаған шешімге байланысты Алмалы ауданында алдағы демалыс күндері барлық сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың, супермаркеттердің, фитнес орталықтар мен стадиондардың қызметі тоқтатылады. Саябақтар, скверлер, бульварлар, жағалаулар және басқа да қоғамдық орындар қолжетімсіз болады. Қоғамдық көлік те өз жұмысын тоқтатады», - деп мәлімдеді Бекқали Торғаев.

Алмалы ауданының аумағында 4 СОО (Глобус, ЦУМ, Silk Way City, Mega Park), 7 сауда орталықтары (Саламат, Атриум, Жібек Жолы, Сити-орталық, Тоймарт), 18 сауда үйлері (Асыл, Балалар әлемі, Тұмар, Меломан, Fashion Avenue, Қайсар Плаза және т.б), 6 базар (Барыс, Жұлдыз, Тастақ, Береке, Тұлпар, Кәрім), 23 супермаркет (Magnum, SMALL, Тоймарт және т.б), 4 стадион (Динамо, Медик, Темір Дос), 43 спорт кешені (World Class, Классис, Спарта, Беркут), 9 бассейн (ЦСКА, Қаратал және т.б) орналасқан. Сонымен қатар ауданда 22 скверлер (Қарағайлы, Мақатаев, Әлия және Мәншүк, ҚБТУ, Солтүстік және т.б), 1 саябақ (Ганди), 5 бульвар, 1 аллея және 15 жасыл аймақ орналасқан.

20-21 маусым аралығында жоғарыда аталған барлық нысандар қолжетімсіз болады. Қызметі тоқтатылған барлық объектілерде санитарлық-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Алмалы ауданының полиция қызметкерлері халық көп жиналатын жерлерде енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді күшейтеді.

Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев тұрғындардың карантиндік шараларды сақтау қажеттілігі туралы тағы да еске салып, қалалықтардан қосымша шектеу іс-шараларына түсіністікпен қарауды сұрады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматылықтар үшін ақылы жастар тәжірибесі: 150-ден астам түлек жұмысқа орналасты »»
14 тамыз 2020 - 18:15
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықтары мен халықты Жұмыспен Қамту орталығы белсенді жұмыс істейді.   Орталықтардың басты міндеті – жұмыс тәжірибесі жоқ (29 жастан аспаған) жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. «Жастар практикасы бағдарламасына» осы критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға...
Алматы әкімдігі тұрғындардың қала аумағында ағаш егуге қатысты ұсыныстарын қабылдауға дайын »»
14 тамыз 2020 - 17:39
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская мегаполис аумағын жасыл желектендіру мәселелері бойынша қала тұрғынының ұсынысына қолдау білдірді.   Алматы қаласы әкімдігінің парақшасына тікелей эфир кезінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Алматы тұрғыны Айгүл Тұрысбекова комментрий қалдырған.   «Ағаш отырғызуға болатын бос жатқан жерлердің мекен-жайларын Жасыл экономика Басқармасының ФБ а...
Жыл соңына дейін Алматыда ағаштар саны 250 мыңға көбейеді »»
14 тамыз 2020 - 17:50
Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты. Сонымен бірге, брифингке Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Абдрешев қатысты.   Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған Jasyl Almaty акциясының аясында көктемде 8 мың ағаш және 110 мың шаршы метр аумаққа гүлзар егілді. Күзгі маусымда шамамен 250 мың жасыл желек, оның ішінде 280 мың жапырақты және 8 мың қылқанжапырақты тұқымынан е...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz