^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
28 Панфиловшылар саябағы, Шымбұлақ, Медеу, Көктөбе, Бутаковка: Медеу ауданының қандай нысандары келушілер үшін жабық болады
20 маусым 2020

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Солтанбаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн баспасөз конференциясының барысында 20-21 маусым жаппай дезинфекциялау кезінде қандай нысандардың қызметі тоқтатылатынын хабарлады.

 

Еске сала кетейік, Қалалық комиссияның коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша шешіміне байланысты Алматыда 20-21 маусым күндері қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін жаппай дезинфекциялау шаралары жүргізіледі.

«Медеу ауданында бүгін және ертең барлық ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың, супермаркеттердің, фитнес-орталықтар мен стадиондардың қызметі тоқтатылады. Сондай-ақ, саябақтар, скверлер,бульварлар, жағалаулар мен басқа да қоғамдық орындарға да баруға болмайды», - деп хабарлаған Берік Солтанбаев Шымбұлақ таулы курорты, Медеу биік таулы мұз айдыны, Көктөбе, Бутаковка осы кезеңде келушілер үшін жабық болатынын атап өтті.

Медеу ауданының аумағында 19 СОО, СО, СҮ, 2 базар, 17 супермаркет, 31 фитнес орталық, 2 ірі саябақ және 20 сквер бар. Барлық көрсетілген нысандарда дезинфекция жүргізу жоспарланған. Өңдеу жүргізу үшін адамдар мен жануарлар үшін қауіптілігі төмен заттардың 4 класына жататын препараттар қолданылады. Сауда нысандарының дезинфекциясы олардың жекеменшік иелерімен жүзеге асырылады.   Сондай-ақ, қоғамдық тамақтанудың 380 нысаны. Олардың ішінде 118 жазғы алаңдар бар. Қоғамдық тамақтану нысандарына тек тапсырыспен алдыру арқылы және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы жазғы алаңдардың жұмыс істеуіне рұқсат етілген.

СОО орналасқан жеке есігі бар дәмханалар мен мейрамханалар штаттық режимде жұмыс істей алады.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында бұрында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қаланың барлық аудандарында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауды бақылау бойынша мониторингтік топтар құрылды.

«Алматы қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, әр ауданда мониторингтік топтар құрылды. Бүгінгі таңда Медеу ауданының аумағында 300-ден астам нысан тексерілді. Оның ішінде 114 нысан тәртіп бұзушылықты қалпына келтіргенге дейін жабылды», — деп толықтырды Берік Солтанбаев.

Медеу ауданы әкімінің орынбасары дезинфекция кезінде, аудан бойынша полиция қызметкерлерімен патрульдеу күшейтілетінін айтып, сондай-ақ тұрғындарды көзделген шараларды сақтауға және карантин режимін ұстануға шақырды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматылықтар үшін ақылы жастар тәжірибесі: 150-ден астам түлек жұмысқа орналасты »»
14 тамыз 2020 - 18:15
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықтары мен халықты Жұмыспен Қамту орталығы белсенді жұмыс істейді.   Орталықтардың басты міндеті – жұмыс тәжірибесі жоқ (29 жастан аспаған) жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. «Жастар практикасы бағдарламасына» осы критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға...
Алматы әкімдігі тұрғындардың қала аумағында ағаш егуге қатысты ұсыныстарын қабылдауға дайын »»
14 тамыз 2020 - 17:39
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская мегаполис аумағын жасыл желектендіру мәселелері бойынша қала тұрғынының ұсынысына қолдау білдірді.   Алматы қаласы әкімдігінің парақшасына тікелей эфир кезінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Алматы тұрғыны Айгүл Тұрысбекова комментрий қалдырған.   «Ағаш отырғызуға болатын бос жатқан жерлердің мекен-жайларын Жасыл экономика Басқармасының ФБ а...
Жыл соңына дейін Алматыда ағаштар саны 250 мыңға көбейеді »»
14 тамыз 2020 - 17:50
Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты. Сонымен бірге, брифингке Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Абдрешев қатысты.   Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған Jasyl Almaty акциясының аясында көктемде 8 мың ағаш және 110 мың шаршы метр аумаққа гүлзар егілді. Күзгі маусымда шамамен 250 мың жасыл желек, оның ішінде 280 мың жапырақты және 8 мың қылқанжапырақты тұқымынан е...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz