^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Дәріханалар желісінің басшысы: Дәрі-дәрмектердің бағасын көтеруге біз мүдделі емеспіз
08 шілде 2020

Дәріханалар желісінің басшысы: Дәрі-дәрмектердің бағасын көтеруге біз мүдделі емеспіз

 

«Садыхан Әлеуметтік дәріхана» ЖШС дәріханалар желісінің иесі Қайрат Әубәкіров пандемия кезінде дәрі-дәрмек және медициналық заттар нарығында бағаның қалай қалыптасатындығын түсіндірді.

 

К. Әубәкіровтың айтуынша, дүниежүзінде дәрі-дәрмекке деген сұраныстың артуы салдарынан өндірушілер олардың бағаларын өсірген, бірақ Алматының дәріхана желілері Денсаулық министрлігі бекіткен бағаны ұстануда.

«Өндірушілер пандемияға дейін маскаларды 11 теңгемен шығарып, 15 теңгемен сататын. Соңғы жеткізілім бізде 96 теңгеден болды. Кейін өндірушілер бағаны көтерді. Бізді сату бағасымен шектеді. Яғни, бір маска 118 теңгеден сатылатын болды. Ал біз оларды 115 теңгеден сатуға шешім қабылдадық»,- деді К. Әубәкіров.

Термометрлердің бағасы туралы да сөз етті. «Қажеттілік туындағанға дейін бір термометр 80 теңгеден сатылды. Қазір олардың сатылу бағасы - 860 теңге. Өндірушілер бағаны көтерді, дистрибьютерлер оларды қолдады, бірақ біз өзіміздің стандарттық бағамызды өзгертпедік», - деді ол.

Қазақстанда 2020 жылдан бастап дәрі-дәрмектерге шекті бағалар енгізілген. 

«Егер дәріхана препараттың бағасын көтеріп сататын болса, онда айыппұл төлейді. Екінші рет қайталаса, 6 айға лицензиясының тоқтатылғаны туралы ескертпені алатын болады», - деді дәріханалар желісінің басшысы және бағаны көтеруге өздерінің мүдделі емес екендіктерін де жеткізді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматылықтар үшін ақылы жастар тәжірибесі: 150-ден астам түлек жұмысқа орналасты »»
14 тамыз 2020 - 18:15
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықтары мен халықты Жұмыспен Қамту орталығы белсенді жұмыс істейді.   Орталықтардың басты міндеті – жұмыс тәжірибесі жоқ (29 жастан аспаған) жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. «Жастар практикасы бағдарламасына» осы критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға...
Алматы әкімдігі тұрғындардың қала аумағында ағаш егуге қатысты ұсыныстарын қабылдауға дайын »»
14 тамыз 2020 - 17:39
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская мегаполис аумағын жасыл желектендіру мәселелері бойынша қала тұрғынының ұсынысына қолдау білдірді.   Алматы қаласы әкімдігінің парақшасына тікелей эфир кезінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Алматы тұрғыны Айгүл Тұрысбекова комментрий қалдырған.   «Ағаш отырғызуға болатын бос жатқан жерлердің мекен-жайларын Жасыл экономика Басқармасының ФБ а...
Жыл соңына дейін Алматыда ағаштар саны 250 мыңға көбейеді »»
14 тамыз 2020 - 17:50
Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты. Сонымен бірге, брифингке Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Абдрешев қатысты.   Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған Jasyl Almaty акциясының аясында көктемде 8 мың ағаш және 110 мың шаршы метр аумаққа гүлзар егілді. Күзгі маусымда шамамен 250 мың жасыл желек, оның ішінде 280 мың жапырақты және 8 мың қылқанжапырақты тұқымынан е...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz