^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
«Медсервис Плюс» фармкомпаниясы: Алматы әкімдігімен бірге дәрілерді шұғыл жеткізу үшін әкімшілік процедураларды жеделдету бойынша жұмыстар жүріп жатыр
08 шілде 2020

«Медсервис Плюс» КФК ЖШС фармацевтік компаниясының атқарушы директоры Светлана Волченко медпрепараттар мен заттарды жеткізудің және өткізудің ағымдағы жағдайын сөз етті.

 

«Медсервис компаниясы бүгін жүгі бар көліктерді қабылдады, оларға 220 мың аспирин, 140 мың парацетамол (балалар мөлшері 0.2), 90 мың аскорбинка мен глюкоза, 110 мың цефтриаксон тиелген. Бұл – жалпықазақстандық цифр. Аталған дәрі-дәрмектердің 40%-ы Алматыда қалады», - деді Светлана Волченко.

Оның айтуынша, Алматы қаласының әкімдігі нарыққа дәрі-дәрмектерді дереу жеткізу үшін процедураларды жеделдетуде.

«Өнім тез жеткізілуде, үлкендерге арналған 240 мың парацетамолды қосымша күтудеміз», - деді ол.

Светлана Волченко қала дәріханаларына дәрі-дәрмектерді жеткізу процесін де айтып берді.

«Процесс онлайн режимде жүреді. Барлық дәріханалар өтініштерін электронды алаңда береді, барлық тапсырыстар таңғы 9-ға дейін орындалады, ал қалғандары келесі күні іске асады. Мүмкіндігінше дәрілер дәл сол күні жеткізіледі. Бір күнде 800-900 өтініш орындалады. Мысалы, өткен аптада түн ішінде Алматыға 100 мың парацетамол жеткізу жөнінде өтініш берілді, ертесінде тапсырыс толық жеткізілді», - деді Светлана Волченко.

Ол өзінің сөзінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жарты жыл бойына ай сайын 500 мың парацетамол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі мәселенің талқыланып жатқанын айтты. Серіктес зауыттың бір ай ішінде 1 млн қаптаманы шығара алмайтынын айтты және "Медсервис Плюс" ЖШС үлкен мөлшерде парацетамол жеткізетін зауыттарды іздестіріп жатқанын жеткізді.

Еске салсақ, бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев фарминдустрия өкілдерімен дәрі-дәрмектер мен медициналық заттарды үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз ету туралы селекторлық кеңес өткізген болатын. Қала әкімі тиісті қызметтерге медициналық препараттар мен заттардың еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қажет болса салықтық және кедендік әкімгерлікті, сонымен қатар шетелдік тауар сертификаттарын алуды жеделдету қажеттігін қадап тұрып айтты.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматылықтар үшін ақылы жастар тәжірибесі: 150-ден астам түлек жұмысқа орналасты »»
14 тамыз 2020 - 18:15
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықтары мен халықты Жұмыспен Қамту орталығы белсенді жұмыс істейді.   Орталықтардың басты міндеті – жұмыс тәжірибесі жоқ (29 жастан аспаған) жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. «Жастар практикасы бағдарламасына» осы критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға...
Алматы әкімдігі тұрғындардың қала аумағында ағаш егуге қатысты ұсыныстарын қабылдауға дайын »»
14 тамыз 2020 - 17:39
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская мегаполис аумағын жасыл желектендіру мәселелері бойынша қала тұрғынының ұсынысына қолдау білдірді.   Алматы қаласы әкімдігінің парақшасына тікелей эфир кезінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Алматы тұрғыны Айгүл Тұрысбекова комментрий қалдырған.   «Ағаш отырғызуға болатын бос жатқан жерлердің мекен-жайларын Жасыл экономика Басқармасының ФБ а...
Жыл соңына дейін Алматыда ағаштар саны 250 мыңға көбейеді »»
14 тамыз 2020 - 17:50
Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты. Сонымен бірге, брифингке Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Абдрешев қатысты.   Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған Jasyl Almaty акциясының аясында көктемде 8 мың ағаш және 110 мың шаршы метр аумаққа гүлзар егілді. Күзгі маусымда шамамен 250 мың жасыл желек, оның ішінде 280 мың жапырақты және 8 мың қылқанжапырақты тұқымынан е...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz