^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 10 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Соңғы күндері Алматы қаласының аумағындағы дәріханаларға кезек байқалмайды – «ГаухарТас» дәріханалар желісінің директоры
08 шілде 2020

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен дәрі-дәрімекпен қамтамасыз ету бойынша өндіруші зауыттармен, жеткізушілермен және дәріханалармен бірлесіп күшейтілген шаралар қабылдануда.

 

«ГаухарТас» дәріханалар желісінің директоры Гаухар Исабекова дәріханаларда бұған дейін шынымен де кезектер болғанын хабарлады, дегенмен жағдай тұрақталған.

«Соңғы 1-2 күннен бері үлкен кезектер жоқ. Әлеуметтік қашықтық та сақталуда, қалада ауа райы жылы болғаннан кейін, қауіпсіздік мақсатында дәріханаға 1 адамнан ғана кіргізу шешімі қабылданды», - деп түсіндірді ол.

Сонымен бірге, дәрілік құралдар мен препараттарды жеткізу мәселесі де атап өтілді. Аталған жұмыс әкімдікпен бірлесіп жасалған.

«Коронавирус пандемиясын ескере отырып, халық арасында сұранысқа ие дәрілік препараттар фирмаға келіп жатыр. Мәселен, Алматы қаласының әкімдігімен жасалған қосымша келісім бойынша кеше парацетамол алдық. Бұған дейін 3 күн бұрын жеткізіліп еді», - деп хабарлады Гаухар Исабекова.

Соған қарамастан, дәріханаларда парацетамолды бір қолға 2 данадан береді. Бұл бір жерде аталған дәрімен шамамен 250 адамды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта парацетамолды жеткізу көлемін ұлғайту күтілуде.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды »»
10 тамыз 2020 - 13:33
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.   «COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шаралар аясында төсек санын арттырып, қуаттылықты күшейтуді жалғастырамыз. Бұл ретте 300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы реанимациялық, екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Медмекеме медициналық газ жүйесімен, сондай-ақ КТ, УДЗ және рентген аппараттарымен қамт...
«Біз дәрігерлер мен пациенттердің денсаулығын сақтауды ойлаймыз» - Ж.Бекшин жекеменшік медициналық мекемелердегі эпидемиологиялық талаптардың сақталуы жайлы »»
08 тамыз 2020 - 12:07
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров пен Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы - қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте қайырымдылық ұйымдарымен жүргізген конструктивті ынтымақтастық жайлы айтты.   Сонымен бірге, Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және корона...
Алматыда жыл қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысының көлемі 14%-ке өсетін болады »»
07 тамыз 2020 - 21:51
Алматы әкімі Б. Сағынтаев онлайн-кездесу барысында құрылыс компанияларының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады   Алматы үшін құрылыс саласының маңызы зор, өйткені қала өсуде, дамуда, тұрғындардың саны артуда. Осының бәрі тұрғын үйлердің, мектептердің, ауруханалардың, бала бақшалардың, қоғамдық кеңістіктердің, тиісті инфрақұрылымдардың салынуын қажет етеді.   Қала әкімі соңғы жылдар ішінде мегаполисте жыл ішінде құрылыс көлемінің орташа 3-5%-ке тұрақты өсіп отырғанын атап өтті. Бүгінгі күні қ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz