^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда карантин тәртібін бұзушылықтар жөнінде жүгіну алгоритмін түсіндірді
08 шілде 2020

Екі күн ішінде алматылықтар тарапынан call-орталыққа карантин тәртібін бұзу жөнінде 70-ке тарта шағым түскен

 

Ағымдағы жылдың 5-7 шілдесі аралығында Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жедел желісіне тұрғындардан 69 өтініш түскен. Өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді, соның ішінде көрсетілген мекен-жайлар бойынша тексеру жүргізілді. 15 шағым расталмады.

Осыған дейін Алматы Әкімдігі карантин шараларының бұзылуы анықталған жағдайда қала тұрғындарының хабарласуы үшін байланыс номерлерін жариялаған болатын. Қаланың әрбір ауданы бойынша өз телефон номері бар және сол арқылы хабарласуға болады:

-              Алатау ауданы – 8 (775) 781-45-50;

-              Алмалы ауданы – 8 (701) 716-59-25;

-              Әуезов ауданы – 8 (701) 400-91-93, 8 (747) 761-55-82;

-              Бостандық ауданы – 8 (701) 122-30-59;

-              Жетісу ауданы – 8 (701) 107-17-90, 8 (747) 557-40-71;

-              Медеу ауданы – 8 (707) 822-40-78;

-              Наурызбай ауданы – 8 (707) 752-79-27;

-              Түрксіб ауданы – 8 (701) 194-07-19, 8 (705) 189-52-89, 8 (707) 189-52-89.

 

Аталаған номерлер бойынша әрбір азаматтың карантин тәртібін бұзу фактілері туралы хабарлау үшін жеке жүгіну құқығы бар екенін еске саламыз.

Расталмаған шағымдар санын азайту үшін хабарласар алдында мемлекеттік органдарға жүгінудің белгіленген тәртібін ескеру қажеттігін атап өткен жөн.

 

Осылайша, өтініш қаралуы үшін аталған номерлер бойынша хабарласқан азаматтарға бірінші кезекте өзінің аты-жөнін таныстырып, тәртіпбұзушылық байқалған мекен-жайды хабарлап, сонымен бірге, бұзушылық жайлы толық ақпарат беруі қажет. Сонымен бірге, Алматы тұрғындарына мүмкіндігінше тәртіпбұзушылық дәлелдерін фотосурет немесе видео форматында беру ұсынылады, ол жауапкершілікке тарту кепілдігін қамтамасыз етеді. Жасырын өтініштер, сонымен бірге мәселенің мәні түсіндірілмеген жасырын өтініштер қаралмайды.

 

Жалпы Алматы қаласында әкімнің тапсырмасымен мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген режимде жалғасуда. Ағымдағы жылдың 7 шілдесі күні қала бойынша 36 мобильді топ (құрамында аудандық әкімдіктердің, Тауарлар мен қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері енген)жұмыс істеген. 896 нысан бойынша мониторинг жүргізілді, соның ішінде 21 нысанның жұмысы тоқтатылды. 15 нысанға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды:

-              Алатау ауданы – шектеу нормаларын бұзғаны үшін 2 нысан (1 автокөлік жуу орны, 1 ТҚКО) және 2 нысан (1 балабақша, 1 процедуралық кабинет) санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

-              Наурызбай ауданы – шектеу шараларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 5 нысан тартылған (1 шаштараз, 1 сұлулық салоны, 2 автокөлік жуу орталығы, 1 ТҚКО);

-              Түрксіб ауданы – шектеу шараларын бұзғаны үшін 4 нысан тартылған (ТҚКО, 2 автокөлік жуу орталығы, вулканизация) және 2 (дүкен, дәмхана) санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен бірге, мониторингтік топтармен қызметтеріне рұқсат етілген және бақылауға алынған 278 нысан бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматылықтар үшін ақылы жастар тәжірибесі: 150-ден астам түлек жұмысқа орналасты »»
14 тамыз 2020 - 18:15
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықтары мен халықты Жұмыспен Қамту орталығы белсенді жұмыс істейді.   Орталықтардың басты міндеті – жұмыс тәжірибесі жоқ (29 жастан аспаған) жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. «Жастар практикасы бағдарламасына» осы критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға...
Алматы әкімдігі тұрғындардың қала аумағында ағаш егуге қатысты ұсыныстарын қабылдауға дайын »»
14 тамыз 2020 - 17:39
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская мегаполис аумағын жасыл желектендіру мәселелері бойынша қала тұрғынының ұсынысына қолдау білдірді.   Алматы қаласы әкімдігінің парақшасына тікелей эфир кезінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Алматы тұрғыны Айгүл Тұрысбекова комментрий қалдырған.   «Ағаш отырғызуға болатын бос жатқан жерлердің мекен-жайларын Жасыл экономика Басқармасының ФБ а...
Жыл соңына дейін Алматыда ағаштар саны 250 мыңға көбейеді »»
14 тамыз 2020 - 17:50
Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты. Сонымен бірге, брифингке Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Абдрешев қатысты.   Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған Jasyl Almaty акциясының аясында көктемде 8 мың ағаш және 110 мың шаршы метр аумаққа гүлзар егілді. Күзгі маусымда шамамен 250 мың жасыл желек, оның ішінде 280 мың жапырақты және 8 мың қылқанжапырақты тұқымынан е...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz