^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 10 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы дәріханаларына шілде айының басынан бері қарай жарты миллионға жуық әлеуметтік маңызы бар дәрілер алынды
09 шілде 2020

Алматы әкімдігінің қаланы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаевтың айтуынша, шілде айының соңына дейін мегаполиске үш миллионнан астам өмірлік маңызды дәрі-дәрмек жеткізіледі.

 

З. Сәлімбаевтың айтуынша, шамадан тыс сұраныс дәрі тапшылығына әкелді. Мәселен, егер өткен жылы Алматыдағы фармацевттер өткен айда шамамен 50 мың қаптама парацетамол сатса, биыл өткен аптада 260 мың қаптама қызуды түсіретін дәрілер сатылды. Мәселені шешу үшін Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасымен өндірушілермен, жеткізушілермен, дәріханалар желісімен және мамандандырылған қауымдастықпен меморандумға қол қойылды.

 

«22 маусымнан бастап біз ірі жеткізушілермен, отандық өндірушілермен, дистрибьюторлармен, дәріханалар желісімен және фармацевтикалық компаниялармен белсенді жұмыс жасаудамыз. Олар келісімге қол қойды, онда ірі жеткізушілер, ресми дистрибьюторлар Алматы қаласындағы 105 дәріханаға әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектердің басым бөлігін жеткізетін болады», - деп түсіндірді З. Сәлімбаев.

 

Жағдай Алматы әкімінің үнемі қадағалауында. Фармацевтикалық нарық қатысушылары дәрі-дәрмектер қоры туралы және әкімдік шешуге көмектесіп жатқан қиындықтар туралы жедел түрде хабарлап отыруда. Атап айтқанда, әкімшілік кедергілер жойылып, біздің нарыққа бұрын кірмеген импортталған дәрілерді жедел сертификаттау шешілуде.

 

З. Сәлімбаевтың айтуынша, 1 шілдеден бастап қалалық дәріханаларға 475 мың маңызды дәрі-дәрмек алынды. Оның ішінде парацетамол, аспирин, ингавирин, азитромицин және кардиомагнил бар.

 

«Шілде айының соңына дейін мегаполиске үш миллионнан астам дәрі-дәрмек жеткізіледі. Оның ішінде 2,2 миллион қаптама парацетамол, 391 мың аспирин, 160 мың ибупрофен, 60 мың ингавирин, 99 мың азитромицин және басқа да әлеуметтік маңызы бар дәрілер. Үш рейс жеткізіледі деп күтілуде - ертең ұшақ Ресейден, 12 және 15 шілдеде Үндістаннан келеді», - деп толықтырды З. Сәлімбаев.

Осылайша, дәрі-дәрмек нарығындағы жағдай толығымен тұрақтандырылады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды »»
10 тамыз 2020 - 13:33
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.   «COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шаралар аясында төсек санын арттырып, қуаттылықты күшейтуді жалғастырамыз. Бұл ретте 300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы реанимациялық, екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Медмекеме медициналық газ жүйесімен, сондай-ақ КТ, УДЗ және рентген аппараттарымен қамт...
«Біз дәрігерлер мен пациенттердің денсаулығын сақтауды ойлаймыз» - Ж.Бекшин жекеменшік медициналық мекемелердегі эпидемиологиялық талаптардың сақталуы жайлы »»
08 тамыз 2020 - 12:07
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров пен Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы - қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте қайырымдылық ұйымдарымен жүргізген конструктивті ынтымақтастық жайлы айтты.   Сонымен бірге, Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және корона...
Алматыда жыл қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысының көлемі 14%-ке өсетін болады »»
07 тамыз 2020 - 21:51
Алматы әкімі Б. Сағынтаев онлайн-кездесу барысында құрылыс компанияларының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады   Алматы үшін құрылыс саласының маңызы зор, өйткені қала өсуде, дамуда, тұрғындардың саны артуда. Осының бәрі тұрғын үйлердің, мектептердің, ауруханалардың, бала бақшалардың, қоғамдық кеңістіктердің, тиісті инфрақұрылымдардың салынуын қажет етеді.   Қала әкімі соңғы жылдар ішінде мегаполисте жыл ішінде құрылыс көлемінің орташа 3-5%-ке тұрақты өсіп отырғанын атап өтті. Бүгінгі күні қ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz