^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 31 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда тұрғын үй қорын дезинфекциялау қарқынды жүргізілуде
06 сәуір 2020 - 10:19
Аптасына екі рет көппәтерлі тұрғын үйлерің әр кіреберісі мен аула аумақтары залалсыздандырылады.   Айта кету керек, төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың шешімімен 25 наурыздан барлық жердегі тұрғын үй қорын дезинфекциялауды арнайы компаниялар жүргізе бастады. Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында атап өткендей, бұл жұмысқа тартылған барлық мердігерлік ұйымдардың тиісті біліктілігі бар, штаттық құрамы жеткілікті және толығымен жабдықталған. Бұл құралдар вирустың қоздырғыштарына, ж
Қала әкімдігі жұмыссыз режимнің 13 сәуірге дейін ұзартылғанын еске салады
05 сәуір 2020 - 21:15
5 сәуірге дейін ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім кейінге шегерілді. Енді қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етпейтін барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды.   Мұндай шешімді ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия қабылдады. Бұл режим адамдар мен жеке көліктің қала ішінде қажеттіліксіз жүріп-тұруына тыйым салуды көздейді. Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті алуға тұрғылықты жерге жақын орналасқан дү
Б. Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді
04 сәуір 2020 - 17:34
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орынға жоспарланған, провизорлық госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.   Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын. Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен бой көтеретін нысан 280 орынға арналған, оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі. Құры
Қазақстанда автокөліктерге арналған сұйытылған мұнай газының орташа бөлшек бағалары төмендейді
03 сәуір 2020 - 15:46
Елде мемлекеттік реттеуді енгізу арқылы төтенше жағдай кезінде автокөліктерге жанармай құю үшін сұйытылған газдың бағасы тұрақтандырылады, бұл өз кезегінде халықтың тұтыну қоржынының құнын төмендетеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.   ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 8.2-тармағына сәйкес Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігі және Әділет минист
Алматыда COVID-19 індетіне тексерілетін адамдардың қатары кеңейді
03 сәуір 2020 - 15:39
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.   «Біз Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша пневмония және ЖРВИ-дің ауыр түрімен стационарға келетін науқастардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеретін боламыз. Әзірге өкпе қабынуының белгілері бар 49 адам тексерістен өтті. Соның ішінде пневмониясы бар бір науқаста қауіпті ін
Қазақстанда МӘСҚ-тан берілетін төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды
03 сәуір 2020 - 12:55
Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ПӘ жанындағы құрамына IT-сарапшылары мен IТ-компаниялары кіретін IT-штабымен бірлесе отырып Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің көмегімен төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуғабайланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін төлемдерге өтініштер беру үшін сервис құрды.   Сервис Enbek.kz электрондық еңбек биржасының ала
«Алматылықтар үйінде»: Алматы тұрғындарының өзін-өзі оқшаулау деңгейі 5 балдық көрсеткіш бойынша 4,4 балды құрады
01 сәуір 2020 - 16:21
Алматыда «Сергек» жүйесі мен оның берген мәліметтерін қолдана отырып, көшелердегі көлік кептелісінің қорытындысымен бірге алматылықтардың өзін-өзі оқшаулау деңгейі анықталуда.   2020 жылдың 11 наурызынан бастап Алматы жолдарындағы көліктер саны 80 пайызға дейін азайған болатын. Ол «Сергек» жүйесіндегі карантинге дейінгі қалыпты жұмыс күні мен төтенше жағдай енгізіліп, карантин басталғандағы қалалық трафиктің деректерін салыстыру арқылы анықталған. Тұрақтандырылған «5&r
Қаладағы нысандарды өңдеу үшін дезинфекциялық құралдарды қолдану бойынша ақпарат
31 наурыз 2020 - 14:14
Қоқыс салатын жәшіктер, орындықтар, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерасты және жерүсті өткелдерін дезинфекциялау үшін күн сайын 60-тан астам жұмысшы жұмылдырылуда. Төтенше жағдай кезінде 600 текше метр (600 000 литр) ерітінді (300 таблеткадан 200 құты) қолданылды.   Қоқыс шығаратын ұйымдар контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді дезинфекциялауға 43 000 литр дезинфекция ерітіндісін пайдаланды. Ол үшін 85 адам жұмылдырылды. Автобустарды дезинфекциялауға 130 литрден астам ерітінді пайдаланылып, 100-ге ж
Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама
31 наурыз 2020 - 13:36
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында Алматыда барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады.   Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады. Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемелерден қарау керек. Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, онда сізге мына төменде берілген үлгілерді толтыру қажет: №1 үлгі (кәсіпорындар бойынша): https://forms.gle/PfjLFPK4DgyBnQt27 №2 үл
Беттер: « 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 »
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz