^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 8 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда 5 қаңтардан атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға өтініштерді қабылдау басталды
08 қаңтар 2020 - 14:52
5 қаңтардан бастап Алматыда АӘК алуға азаматтардан өтініш қабылдана бастады.   Қабылдау Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының 8 аудандық бөлімінде және халықты жұмыспен қамту орталығында жүзеге асырылады. АӘК өтініші берген күнге қарамастан өтініш берген айдан бастап тағайындалады. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша 6 айдан кем емес мерзімге тұрақты немесе уақытша тіркеу, ал құжаттарды тапсырған кезде өтініш беру және сәйкестендіру үшін жеке куәлік беру қа
Алматыда мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілері коньки тебуді үйренуде
04 қаңтар 2020 - 09:07
Алматыда балалар үйінің балаларына коньки тебуді тегін үйрету акциясы жалғасуда.   Ерекше қажеттіліктері бар жетім балалардың мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілеріне арналған алғашқы сабақ 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті. Әр жастағы 30 бала тәжірибелі 15 нұсқаушының көмегімен коньки тебуді бастады. Сырғанау кезінде шай ішу үзілісі де болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шараның мақсаты – өскелең ұрпақты спортқа баулып, салауатты өмір салтын қалыптас
Алматының білім басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
31 желтоқсан 2019 - 11:31
Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың өкімімен білім басқармасының жаңа басшысы болып Ләззат Жылқыбаева тағайындалды.   Л. Жылқыбаева еңбек жолын 1996 жылы Алматыдағы №1 қазақ педагогикалық колледжде мұғалім болып бастаған. Түрлі жылдары мұғалім, колледж директорының орынбасары, Алматының білім басқармасында маман және бөлім басшысы болып жұмыс істеген. Бүгінгі тағайындауға дейін Алматынының білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
ЖЭО-2 модернизациялау мәселесінде экология мүддесіне жүгінетін боламыз - Сағынтаев
30 желтоқсан 2019 - 17:35
Алматы әкімі Б. Сағынтаев ЖЭО-2 модернизациялау бойынша «Самрұқ-Энерго» басшыларымен және қоғам өкілдерімен кеңес өткізді.   Алматылықтар үшін ең өзекті мәселенің бірі – экологияның қазіргі жағдайы. Өйткені, залалды заттардың төрттен бірі ЖЭО-2-ден бөлінеді. Залалды заттарды азайту үшін жылу-электр орталығының қуатын газға көшіру қажет. Қазіргі кезде «ҚазЭнергоөнеркәсіптік» ҒЗИ мамандары ЖЭО бойынша «Алматының энергокешенін газдандыру. Қоршаған ортаға ең төмен зал
Қала әкімі Б. Сағынтаев әуе апатынан зардап шеккен балаларға барды
29 желтоқсан 2019 - 16:43
Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында болып, онда әуе апатынан зардап шегіп, ем алып жатқан тоғыз баланың жағдайын біліп қайтты.   Қала әкімі балаларға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан тез сауығып кетуін тілеп, мемлекет басшысының жаңа жылдық сыйлықтарын табыстады. Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының бас дәрігері Абай Құсайыновтың айтуынша, алты бала қарқынды терапия реанимация бөлімінде, үшеуі травматология бөлімшесінд
Б. Сағынтаев әуе апатынан зардап шеккендердің емделуін бақылауда ұстайды
28 желтоқсан 2019 - 13:32
Қала әкімі Б. Сағынтаев әуе апатында зардап шеккен азаматтар жатқан ауруханалардың бас дәрігерлерімен кездесті.   Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының көпсалалы клиникалық ауруханасының, балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының, жедел шұғыл жәрдем ауруханасының, № 4 Қалалық клиникалық аурухананың, Орталық қалалық клиникалық аурухананың және жекеменшік «Приват клиникасының» дәрігерлерімен кездесті. Бұл медициналық мекемелерге Алматы түбіндегі әуе апатынан зардап шеккен адамд
Алматыда әуе апатынан қаза тапқан және зардап шеккен отбасыларына қаражат жинау үшін шот ашылды
28 желтоқсан 2019 - 13:29
2019 жылғы 27 желтоқсанда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету туралы көптеген өтініштерге байланысты «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры Алматы қаласында қаражат жинау туралы хабарлайды.   Қорға түскен қаражат Алматы қаласында тұратын қаза тапқандардың және зардап шеккендердің отбасыларына жіберілетін болады. Қаражатты жұмсаудың ашықтығы қамтамасыз етіледі. Қаражатты есепке алу үшін деректемелер: Қордың атауы: «Жаң
Алматылықтар қайырымдылық көрсетіп, көмек қолын созды
28 желтоқсан 2019 - 11:07
Қазақстандықтар, оның ішінде Алматының тұрғындары 27 желтоқсан күні Алматы облысында болған әуе апатында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қан тапсыруға бірден атсалысты.   Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де қан қажет екенін естіп, қан тапсырудан шет қалмады. ​   "Қажетті қанды тапсыру ұжымдық түрде ұйымдастырылды. Қан тапсыру орталығы ТЖД ғимаратына жақын жерде орналасқан. Сондықтан бәрі жедел түрде өтті. Қала тұрғындарымен бірге ТЖД-ның 78 қызметкер
Алматыда «Ауруларды басқару бағдарламасының ең озық пациенті» атты бірінші республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды
26 желтоқсан 2019 - 17:38
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған «Ауруларды басқару бағдарламасының ең озық пациенті» атты бірінші республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды.   Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрайымы Роза Қуанышбекова Қазақстанда 2013 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан Ауруларды басқару бағдарламасы (ары қарай - АББ) созылмалы аурулары бар ақпараттандыр
Беттер: « 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 »
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56