^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 5 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының қалалық Мобилділік басқармасының басшысы тағайындалды
22 маусым 2020 - 12:10
Қала әкімінің өкімімен Ерлан Әділов қалалық Мобилділік басқармасының басшысы болып тағайындалды.   Ерлан Әділов 1976 жылы туған. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Көлік және құқықтану салалары бойынша екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын жеке ұйымдарда қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып бастаған. Көлік саласындағы жұмысы Алматыдағы «№4 автобус паркі» ЖШС техника қауіпсіздігінің инженері болып басталған. 2007 жылы аудандық әкімдіктің қызметкері р
Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы тағайындалды
22 маусым 2020 - 12:24
Қала әкімінің өкімімен Сапар Нұрашев Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы болып тағайындалды.   Сапар Нұрашев 1975 жылдың 19 қаңтарында туған. 2001 жылы Алматы технологиялық университетін, ал 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1966 жылы Алматы қаласындағы «Темір агроөндіріс фирмасы» ЖШС директорының орынбасары болып бастаған. 2002 жылдан 2016 жылдар аралығында Алматыдағы «БН Азия Альянс» ЖШС, «Асыл құрылысы» ЖШС д
Алматыда коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрестің қосымша шаралары туралы
22 маусым 2020 - 12:26
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласында коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде Комиссия құрылды.   Әкімдік жанындағы комиссия коронавирус инфекциясына қатысты қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, COVID-19 таралуына жол бермеу үшін қосымша шараларды қабылдады. Атап айтсақ, 22 маусымнан бастап зертханалардың қуаттылығы артады. Бүгінгі күні ПТР тестілеу алты арнайы мамандандырылған зертханаларда жүргізіледі. Тәуекел санатына жататын адамдар ғана тестіл
Сағынтаев Алматының уақытша жаяу жүргінші аймақтарын құру жөніндегі пилотты жоба туралы хабарлады
22 маусым 2020 - 09:52
Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған соң уақытша жаяу жүргінші аймақтарын құру жөніндегі пилотты жобаның қолға алынатынын хабарлады.   Бірінші кезеңде Алмалы ауданының бес көшесі әр жексенбі сайын бір күнге жабылады. Жоба эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған соң ғана басталады. «Уақытша жаяу жүргіншілер аймағын құру үшін демалыс күндері бірқатар көшені жабуды сарапшылармен талқыладық. Бірінші кезеңде Қабанбай батыр —
Алматыда ауқымды дезинфекцияның екінші күні басталды
21 маусым 2020 - 11:42
21 маусым күні 08:00-де адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарды дезинфекциялаудың екінші күні басталды. Жұмыстарды бүгін 18:00-де аяқтау жоспарлануда.   Атап өтелік, бірінші күні барлығы 469 нысан дезинфекцияланды, оған 75 бірлік техника мен 194 дезинфектор жұмылдырылды. 20 маусым күнгі 18:00-ге дейін келесі нысандар дезинфекцияланды: Алатау ауданында 8 базар, 11 сауда орталығы, 5 фитнес орталық, 4 сквер; Алмалы ауданында 6 базар, 22 сауда орталығы, 27 фитнес орталығы, 4 стадион, 1 саябақ, 22 скв
Ж. Бекшин Алматыда карантиндік шаралардың күшейтілуі туралы: Дезинфекция — коронавирустың алдын алу негізі
20 маусым 2020 - 21:16
Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3292 оқиғасы тіркелді, ал соңғы екі аптада қалада ауыру деңгейінің екі есе көбейгені байқалған, соған байланысты инфекцияның одан ары таралуын болдырмау мақсатында осыған дейін жүзеге асырылып жатқан шараларға қосымша шаралар қабылданды.   Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы — Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қосымша шаралардың қажеттіл
Алматыда эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, ҰБТ тапсыру пункттерінің дайындығы қамтамасыз етілді
20 маусым 2020 - 20:07
Ертең, 21 маусым күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің негізінде ҰБТ тапсырудың бірінші легі өтеді. 235 адам тест тапсырады.   Оқушылар мен тәрбиеленушілерлің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, сонымен бірге COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін бекітілген алгоритмге сәйкес, ҰБТ өткізу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады. Қалалық Білім басқармасы мен Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақы
Шаралар коронавирустан қорғану үшін қажеті – Әуезов ауданында 84 нысан дезинфекцияға жабылды
20 маусым 2020 - 17:06
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев 20-21 маусым күндері аудан аумағында барлық сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, базарлардың, спорт залдарының жұмысы тоқтатылатынын хабарлады.   Қызметі тоқтаған барлық нысандарда санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы санитарлық шаралар жүргізілуде. «Қазір біздің дәрігерлеріміз, полицейлер мен ттіршілікті қамт
Түрксіб ауданында 30 көше және 11 скверлер дезинфекцияланған: алматылықтардан қоғамдық орындарға бармауды сұрайды
20 маусым 2020 - 17:26
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуов мәлімдеді.   20-21 маусымда Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қосымша шаралар енгізілді. Ермек Бейсеуовтың айтуынша, Түрксіб ауданының аумағында барлық супермаркеттер, ойын-сауық және сауда орталықтары, базарлар жабылды және қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды. Дәмханалар мен мейрамханалар санитарлық нормаларды сақтаған жағ
Алматы полициясы қоғамдық орындардағы күзет қызметін күшейтуде
20 маусым 2020 - 16:38
Алматы полиция Департаменті демалыс күндері шектеу шаралары болатынын еске салады.   «Көшеде азаматтардың жаппай жүретін жерлерін күзетуге көңіл бөлінеді: саябақтар, алаңдар, жағалау, сауда және ойын-сауық орталықтары және т. б. Олар жабық. Сонымен қатар, халыққа түсіндіру жұмыстары жандандырылды. Пандемия қаупінің қаншалықты маңызды екенін оның таралу дәрежесін әркім білуі  және коронавирустық инфекцияға қарсы тұрудағы біздің жауапкершілігімізді білу өте маңызды. Санитарлық-гигиеналық нор
Беттер: « 1 2 3 4 5 6 7 8 9 »
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz