Алматыда Орталық мәдени және демалыс саябағы қайта жаңарды
31 қазан 2018 - 16:34
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қайта жаңарған Орталық мәдени және демалыс саябағын аралап көрді. Басқарушы компания жаңа фонтандар, балалар мен спорт алаңдарын салу үшін 1,6 млрд. теңге жеке қаржыны инвестициялаған.
Орталық саябақ аумағында жарық бағаналары, асфальт төсеніштер, тротуар плиткалары жаңарған, навигация орнатылып, жасыл желек отырғызылуда. Бұрын көлік тұрағы болған жерде спорт алаңдары, стрит-воркаут, баскетбол және футбол алаңдары, роллердром мен скейтодром пайда болған.