^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 21 тамыз 2018
 
     
 
Баспасөз қызметі / Алда болатын оқиғалардың күнтізбесі
«Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің ең үздік жобасына ашық конкурсы туралы

2018 жылғы 6 шілде - 6 тамыз аралығында Алматы қаласының Мәдениет және архивтер басқармасының «Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің ең үздік жобасына ашық конкурс өткізіледі.

Мақсаты: Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегi Мемлекеттiк комиссияға ұсыныс енгізу мақсатында «Төлеген мен Қыз Жібекке» арналған ескерткіштің үздік мүсіндік-көркемдік шешімін анықтау.

Ескерткіш (мүсіндік туынды) «Қыз Жібек» лиро-эпостық дастанының, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының идеялық мағынасын, көркемдік образдық мазмұнын кеңінен ашуы, айналадағы сәулеттік және ландшафтық көрініспен үйлесуі, мәңгілік құндылықтар – ерлік пен махаббатты мадақтау.

Конкурсқа жеке авторлар және авторлық ұжымдар қатыса алады.

Жобалар 2018 жылдың 6 тамызынан кешіктірілмей мына мекенжайға: 050000, Алматы қаласы, Республика алаңы,4, Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы, 444 кабинетке тапсырылады.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 272-11-09 телефоны арқылы алуға болады.


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13