^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 25 мамыр 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Алда болатын оқиғалардың күнтізбесі

ХАБАРЛАМА

Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласының спорт басқармасы» ҚММ атынан МЖК жобасы үшін жекешілік әріптестікті анықтау бойынша байқаудың басталғанын хабарлайды және әлеуетті жеке серіктестерді ««Алматы Арена» және «Халық Арена» көпқызметті кешендердіі басқаруды ұйымдастыру» байқауына шақырады.

Шарт аясында «Алматы Арена» және «Халық Арена» көпқызметті кешендерін 5 (бес) жыл бойы мемлекеттік- жекешілік әріптестік шарттық үлгісі бойынша сенімді басқару жоспарланған.

Қызмет аясы - дене шынықтыру және спорт, саласы- спорттық құрылыстарды басқару.

МЖК түрі: шарттық МЖК.

Шарт мерзімі: 2019 жылдың 1 шілдесінен 2024 жылдың 30 маусымынадейін (5 жыл).

Байқауға ҚР «Мемлекеттік-жекешілік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында және байқау құжаттарында көрсетілген біліктілік талаптарына сай барлық әлеуетті қатысушылар қатыса алады.

Байқау құжаттарының көшірмелерін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 14.00-ден 18.00- ге дейін төмендегі мекенжай бойынша алуға болады: Алматы қ., Республика алаңы, 4 үй, 5 қабат, № 517 кабинет. Байқау құжаттары тегін беріледі.

Әлеуетті жеке серіктестердің құжаттарды көрсетуі, олардың қойылатын біліктілік талаптарына сай екендігін анықтау 2019 жылдың «19» сәуірінде сағат 18.00 дейін жүзеге асырылады.

Байқауға қатысуға өтініштер, сондай-ақ конвертке салынған біліктілік талаптарына сай құжаттарды іріктеу әлеуетті қатысушылармен көрсетілген мекенжай бойынша жеткізіледі.

Байқау өтініштері бар конверттерді ашу көрсетілген мекенжай бойынша, 6 қабат, № 5 залда 2019 жылдың «23» сәуірінде сағат 15.00- же жүзеге асырылады.

Неғұрлым анық ақпаратты Басқармадан, көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады, байланыс иесі: Али Рахим, тел:264-60-68.

Бұрын 8 наурыз 2019 жылы№ 18 (3143)«Заң газетінде»жарияланған«Алматы Арена» және «Халық Арена» көпқызметті кешендердіі басқаруды ұйымдастыру» МЖК жобасы үшін жекешілік әріптестікті анықтау бойынша байқауы басталғаны туралы хабарлама, жарамсыз деп танылады.


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13