^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 17 қыркүйек 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматыда үлкен диаметрлі болат құбырларын шығару жөніндегі еліміздегі алғашқы жоғары технологиялы зауыт құрылысы басталды

Алматыда үлкен диаметрлі болат құбырларын шығару жөніндегі еліміздегі алғашқы жоғары технологиялы зауыт құрылысы басталды

Бүгін Алматыда Индустриалды аймақ маңында мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдайтын, тау кендерін өндіруде, құрылыста, химия өнеркәсібінде, энергеткиада қолданылатын үлкен диаметрлі болат құбырларын шығаратын еліміздегі алғашқы зауыт құрылысының капсуласын қағу рәсімі салтанатты түрде өтті.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің сөзінде бұл жоғары технологиялы жаңа зауыт іске қосылғанда Қазақстанға сырттан тасымалданатын құбыр өнімдерінің 60%- ын қамтамасыз етілетінін, жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджетке түсетін қосымша салық мөлшерінің артатынын атап өтті.

«Индустриалды аймақ мемлекет басшысының тапсырмасы боынша салынды әрі шетелдік инвестицияны тарту орталығына айналды. Мұндағы жоба саны 39, оның 18-і сыртқа өнім шығаруға, ал 7–ші шетелдік капиталмен жұмыс істеуге негізделген. Олардың ішінде ресейлік KMK Investment, жапондық Tokio Rope, иордандық Hikma, сондай-ақ қытайлық Asia Steel Pipe компаниялар бар.Жаңа жоба құны 33 млрд. теңге, қала әкімдігі тиісті коммуникацияларды жүзеге асырды. Құрылыс барысында 800-ге дейін жұмыс орны ашылып, зауыт іске қосылғанда 300 –ден астам тұрақты жұмыс орны пайда болады», - деді Б.Байбек.

CNPC-тің бас директоры Жанг Дзинхуа аталған жобаның іске асуына 2014 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуі барысында қол жеткенін әрі «Қазмұнайгаз»ҰК» АҚ мен CNPC арасында мұнайгаз саласындағы стратегиялық ынтымақтастық асяында кешенді Бағдарламаға қол қойылғанын айтты.

«Бұл жоба екі ел арасындағы жаңа іскерлік қатынасты қамтамасыз етеді. Құрылыстағы біздің әлеуетіміз – жоғары сапа мен қауіпсіздік, заманауи технологиялар трансферті, заңдылықты сақтау және құрылысты дер кезінде іске қосу», - деді CNPC-тің бас директоры.

«Қазмұнайгаз»ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев өзінің сөзінде бұл зауыт салынған кезде оның өнімдері мұнайгаз, таукен өнімдері мен химия өнерксәбі саласында ғана емес, сонымен қатар, Алматының тұрғын үй- коммнуалдық шаруашылығында да кеңінен пайдаланылатынын атап өтті. Ол бұл жобаның Мемлекет басшысы алға қойған экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға да үлес қосатынын жеткізді.

Алатау ауданындағы 18,2 га жерге орналасатын зауыттың өндірістік қуаты жылына 100 мың тонна құбыр шығарады. Жалпы аудан орталықтандыру қағидасы бойынша дамып келеді, мұнда жаңа әкімшілік орталық инфрақұрылымы толық қалыптасқан, бала бақшалар, мектептер, денсаулық сақтау нысандары, әлемдік деңгейдегі спорт обьектілері салынған.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56