^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 17 қазан 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматы әкімі қоғамдық көлік жүргізушілерінің біліктілігі жөніндегі жаңа орталықта болды

Тақырыбы: Алматы әкімі қоғамдық көлік жүргізушілерінің біліктілігі жөніндегі жаңа орталықта болды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қоғамдық көлік жүргізушілерін оқытатын Қазақстандағы алғашқы көлік мамандарының біліктілігі жөніндегі орталықтың жұмысымен танысты.

Жаңа орталықта жалпы білім беретін заманауи оқу аудиторялары, емтихан тапсыратын компьютерлік сыныптар, тренажерлі кабинеттер, жүргізушінің психикалық сараптамасы мен этикасы бойынша бөлме бар, сонымен қатар мұндағы мамандар жүргізушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін де үйретеді. Орталық директоры Роза Бадаева өзінің сөзінде D, D категориялы жүргізушілерге 16 маманның дәріс оқитынын айтты. Ең бастысы, мұнда қаланың негізгі тасымалдаушыларымен келісім жасалған.

Қаланың Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова орталықта білімдерін жетілдіруге көлік айдап жүрген жүргізушілермен қатар сырттай ізденушілердің де қызығушылық танытып отырғандығын айтты. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 300 адамды оқыту жоспарланған. Қазіргі кезде троллейбус жүргізетін 15 адам мен автобус жүргізетін 15 маман білімдерін жетілдіруде.

Біліктілік жөніндегі орталықта болған Алматы әкімі автопарктер басшыларының назарын көліктерді модернизациялауға, сапалы қызмет пен қауіпсіздікке аударды.

«Жеке автопарктер қожайындары барлық проблеманы мемлекетке аудара салып, өздерінің жылжымалы составтарын жаңартуға асықпайды. Бензин мен дизельге жақсы бағалар болғанда бизнес қайда қарады? Олар осы ортадағы қаржыны өзге салаларға аударды, сондықтан көлеңкелі жайттарға кеткен қалалықтардың ақшасына субсидия бөлмейміз», - деді Б.Байбек.

Атап өтерлік жайт, биылғы жылдың жаз айларында да қала көлігін реформалау (жаңа жолақтар, қолайлы жол бөліктері, біржақты көше, т.б.) жұмыстары одан әрі жалғасады. Бұдан өзге, қаланың автобус паркі тауға жүретін жаңа 60 көлік бірлігімен толығып, 40 эвакуатор сатып алынады.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56