^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Б.Байбек - Алматыда құрылыс нысандарын салудың басты әлеуеті сапа мен сейсмикалық төзімділік болуы тиіс

Б.Байбек - Алматыда құрылыс нысандарын салудың басты әлеуеті сапа мен сейсмикалық төзімділік болуы тиіс

Алматы әкімі типтік және жеке жобаларды жасайтын, нысандардың сейсмикалық төзімділігін анықтайтын, құрылыста заманауи ақпараттық технологияны қолдануды зерттейтін Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми -зерттеу, жобалау институтының жұмысымен танысты. Бауыржан Байбек қала басшылығы үшін Алматыда құрылыс нысандарын салудың басты әлеуеті сапа мен сейсмикалық төзімділік болуы тиіс екендігін ерекше атап өтті.

«ҚазҚҒЗЖИ» бас директоры Нұрлан Уранхаев құрылыстың сейсмикалық төзімділігін анықтауда, сейсмикалығы 9 және одан жоғары балл болатын алаңдарға салынатын көпқабатты нысандарды арнайы техникалық жағдайларға сай жобалауда институттың көш бастап тұрғанын айтты.

Бүгінгі күні институт мамандары салынған нысандардың сейсмикалық төзімділігін анықтаумен және ғимараттарды жобалауда олардың түрлі жайттарға қатысты мықтылығын арттыру бойынша нұсқау беру жұмыстарымен айналысуда. Осы орайда олар жобалаудың озық әдістерін және BIM-технологиясы мен Eurocodeні қолдана отырып, 3D моделін жүзеге асыруда.

«Өзімнің жеке тәжірибеме сүйене отырып айтарым, BIM-технологиясын қолдану жоба сапасын арттырумен қатар, оның тиімділігін және жобалау барысында ешқандай қатенің кетпеуін, болашақ нысан жобасын барынша көрнекілігін қамтамасыз етумен қатар кететін шығынды нақты анықтауға мүмкіндік береді. Мұның басты ерекшелігі салынатын нысан бірыңғай жобаланады. Оның кез- келген бір паметрі өзгерсе, қалғандары автоматты түрде өзгеріске ұшырайды, тіптіп жасалған сызығына,визуалдығы мен күнтізбелік кестесіне дейін», - деді Нұрлан Уранхаев.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі осыдан екі апта бұрын Токиоға жасаған сапарында Жапонияның сәулет- құрылыс компанияларының бес үздіктерінің қатарындағы «Симидзу» сейсиологиялық ғылыми- зерттеу орталығының жұмысымен танысқан болатын.

Жапондық мамандар сейсмиология тарихындағы ең ірі жер асты дүмпулерін анықтай алатын симулятор жасап шығарды. Соның арқасында жеке ғылыми орталық жер асты сілкіністерін зерттеп, нысандарды жобалаушыларға өздерінің нұсқауларын беріп отырады.

Өзінің жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек жапондық тәжірибені үйренуді, Алматыда осындай симуляторы бар зертхананы құру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56