^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 17 қыркүйек 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматы әкімі Наурызбай ауданындағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысын тексерді

Алматы әкімі Наурызбай ауданындағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысын тексерді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданын дамыту бойынша көшпелі жиын өткізді, мұнда жақын арада жаңа әкімшілік орталықтың, 1200 орынды мектептің, күніне 500 және 200 адам қатынайтын екі емхананың құрылыс жұмыстары аяқталатын болады.

Наурызбай ауданының әкімі Сайран Сайфеденов биылғы жылы Қалқаман ықшам ауданында жаңа жолдар салу жоспарланғанын, ұзындығы 17 км болатын 32 көшенің жаңартылатынын, ұзындығы 26 км болатын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

Бұлардан өзге, Жандосов көшесі күрделі жөндеуден өтеді, Сайын көшесінің қиылысынан Таусамалы поселкесіне дейін жалпы ұзындығы 2,08 км болатын жол салынады. Жөндеу жұмыстары барысында жолдардың көлік қозғалатын бөліктері төрт жолаққа дейін кеңейеді, Қарғалы өзенінің бойындағы көпір қайта жасалады, веложолдар мен тротуарлар салынады. Қала басшысына көшелерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын мерзімінен бұрын, қыркүйек айында аяқтауды жоспарланғаны айтылды.

Өзінің жұмыс сапары барысында қала әкімі Ақжар ықшам ауданындағы іске қосылмаған «Эдельвейс» бала бақшасында болды. Нысанның жалпы алаңы 1805 кв.метр, 2007 - 2017 жылдары Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті бала бақшаны «Центр Вид» ЖШС сенімді басқаруға берген. Алайда, бала бақша күні бүгінге дейін бос тұрған. Қала басшысы бала бақшаны ашу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Атап өтерлік жайт, Наурызбай ауданында 3 жастан 6 жастағы 668 балаға мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде орын жетпейді, ал 1 жастан 6 жасқа дейінгі 1419 балдырған бала бақшаға зәру.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56