^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 23 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
«Сымбат» сән академиясы 70 жылдық мерейлі мерекесін атап өтті

Алматы «Сымбат» сән академиясының мерейлі жасына орай салтанатты кеш өтті. Қазақстанда ұлттық әрі эксклюзивті киім тігу индустрияысының негізін қалаған, кезінде тарихы мен шығармашылық қызметін тігін атльесі ретінде бастаған жоғары оқу орны бүгінгі күні Жоғары сән саласындағы отандық ірі кәсіпорынға айналған.

Мерейлі шарадағы салтнатты концертке Нұржамал Үсенбаева, Роза Рымбаева, Парвиз Назаров, Рафаэль, Венера Алпысбаева, Жәмилә Серкебаева, Илияс Артағалиев, Нағима Есқалиева және басқалары қатысты.

Бағдарлама барысында Алматы қаласында «Шаштараз өнері және декоративті косметика», «Театр мен кино гримінің сценографиясы», «Интерьер дизайны», «Графика мен жарнама дизайны», «Костюм дизайны», «Киім пішу және оның технологиясы» номианциялары бойынша өткен «Creative world» халықаралық конкурс жеңімпаздарының коллекциялары көрсетілді

Конкурс аясында Бернардо Паолидің «Өз брендіңді қалай жасауға болады», Стефано Секолидің ««Made in Italy» жетістігінің құпиялары» лециялары тыңдалды, «Қазіргі замандағы акутальді ғылыми ізденістер» атты ғылыми- практикалық конференция өтті.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын Секоли институтының прзеиденті (Италия) – Стефано Секоли, Британияның жоғары дизайн мектебінің негізін қалаушы және fashion- білім кураторы (Италия) – Бернардо Паоли, қазақстандық дизайнерлердің«Рinklabel» магазинінің негізін қалаушы – Айнур Ахметова, «Kazakhstan Fashion Week» директоры Алексей Чжен,кәсіби гример-имиджмейкер, визажшы Самара Бисекызы, И. Раззаков атындағы «Дизайн» Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің кафедра меңгерушісі,техникалық ғылым кандидаты Айнур Жолдошева және басқалары бағалады.

Салтанатты шараларды 19 мамыр күні Алматының ОУМ аумағында өтетін Дизайнерлік фестиваль қорытындылайды.Фестиваль жас дизайнерлерге үлкен өмірге жолдама беретін болады. Аталған шараға 7 елдің 90 дизайнері, кәсіби стилистер, байерлер қатысып, өздерінің шығармашылық заттарын көпшілік талқысына (сахналық киім үлгілері сатылымға қойылады) ұсынады.

Анықтама:

Бүгін күні «Сымбатта» 3000 адам білім алуда, олардың 18 шетелдік студенттер, бұларға 140 педагог дәріс оқуда.

«Сымбат» сән академиясы - Қазақстанда ұлттық әрі эксклюзивті киім тігу индустрияысының неігізін қалаған, кезінде тарихы мен шығармашылық қызметін тігін атльесі ретінде бастаған жоғары оқу орны бүгінгі күні Жоғары сән саласындағы отандық ірі кәсіпорынға айналған.

«Сымбат» 1958 жылы Қазақстандағы алғашқы сән журналын шығарды, 1987 жылы был Қазақстандағы алғашқы сән театры ұйымдастырылып, қазақстандық киім үлгілері шетелдіктерге көрсетіле бастады. Болгарияда,, Чехословакияда, Мәскеуде, Дубайда (DIFW), Вашингтода (DC Fashion week), Сібірде (SFW), ЮНЕСКО (Париж, Франция), БҰҰ (Нью-Йорк, Америка), Евроодақтың штаб пәтерінде (Брюссель, Бельгия) фестивальдер мен Австрияда, Германия, АҚШ, Бельгия,Англия, Түркия, Израиль, Франция, Қытай мен Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымында өткен ресми сапарларда академия шығарған қазақстандық киім үлгілері ерекше ілтпаттарға ие болды.

1972 жылдан 50-ден астам халықаралық көрсетілімдерге қатысты, көптеген шетелдік сертификаттарға, марапаттар мен дипломдарға ие.

Бүгінгі күні «Сымбат» академиясы ерлер мен әйелдердің сән киімдері мен ұлттық киімдерді, сувенир бұйымдарын, мектеп формаларын тігіп шығарады, жеке тапсырыс алатын VIP салоны, фирмалық магазині, бизнес орталығы және сауда үйі бар.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56