^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 15 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
2017 жылдың 21 маусымында алматы қалалық халықты жұмыспен қамту Орталығында «Алимент бойынша борышкерлерді жұмыспен қамту» тақырыбында Ашық есік күні болып өтті.

2017 жылдың 21 маусымында алматы қалалық халықты жұмыспен қамту Орталығында «Алимент бойынша борышкерлерді жұмыспен қамту» тақырыбында Ашық есік күні болып өтті.

Бұл шараны Алматы қалалық прокуратурасы ұйымдастырды.

Басқосу шарасына Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы басшысының орынбасары Г.З.Әбуева, Халықты жұмыспен қамту Орталығы директорының орынбасары, мамандары, Алматы қалалық прокуратурасының өкілдері және борышкер алиментшілер қатысты.

Г.З.Әбуева жиналысқа қатысушыларды Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсі пкерлікті дамыту Бағдарламасы ережелерімен жан-жақты таныстыра келе, борышкерлердің жұмыспен қамтылуына мүмкіндіктің мол екендігін айтты. Ол үшін, борышкерлер кәсіби оқу курстарынан өтіп, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұруға, қоғамдық жұмысқа орналасуларына болады.

Қорытындысында 7 борышкер жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркелді. Олардың 6-ы кәсіби оқу курстарына оқуға ниет білдірді және 8 адамға тұрақты жұмыс орындарына жолдама берілді.

Жиналысқа 100 адам қатысты. Оның көбісі жұмысқа орналасқандардан шақырылғандар.

Шара туралы БАҚ-да жарияланып, «Алматы» ТК-нан көрсетілді.

Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы басшысының орынбасары Г.З.Әбуевадан сұхбат алынды.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56