^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 22 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматыда Райымбек және Сүйінбай даңғылдарының қиылысындағы учаскеге көлік қозғалысының жаңа сызбасы енгізілді

Райымбек даңғылы бойымен Сүйінбай даңғылынан Пушкин көшесіндегі қиылысқан жол аумағында көліктің көп жүруі әрі жолаушыларды екі қатар бойымен отырғызу мен шығару салдарынан көлік кептелісі орын алып, ЖКО-на әкеліп соғуда, сондықтан орын алған келеңсіздіктерді жою үшін қоғамдық көлік пен жеке автокөлік жүргізушілеріне арналған көлік қозғалысының жаңа сызбасы енгізілетін болады.

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауы бойынша, көлік қозғалысы Райымбек даңғылы бойынша шығыс бағыттағы бағдаршамнан жолайрығының тоннелді бөлігіне ауыстырылады. Райымбек даңғылының оңтүстік бағытындағы Пушкин көшесінен Есенов көшесінің қиылысына дейінгі аумақта «қоғамдық көліктен» басқа тура жүретін барлық көліктердің қозғалысы жабылады. Бұлардан өзге, сызбаның өзгеруіне орай әрі сол жақ айналымға тыйым салынудың арқасында Сүйінбай даңғылынан Райымбек даңғылын, Райымбектен Сүйінбай даңғылын көрсететін бағдаршамның жұмысы да жеңілдейді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56