^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 23 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматыда балалар мен жасөспірімдердің халықаралық «Менің қалам- Алматы» туристік экспедициясы өтеді

Алматыда балалар мен жасөспірімдердің халықаралық «Менің қалам- Алматы» туристік экспедициясы өтеді

«Алматау» туристік базасы аумағында 2017 жылдың 25шілдесінен 6 тамыз аралығында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы мен «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық экспедициясы аясында Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыс басқармасы Спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясыммен бірге балалар мен жасөспірімдердің «Менің қалам- Алматы» халықаралық» туристік экспедициясын өткізеді. Алқалы шараның мақсаты - туристік қызметті жандандыру, оқушылар мен колледждер, жоғары оқу орындары студенттерінің арасында спорт пен салауатты өмір салтының негізі ретінде труизмді кеңінен насихаттау.

Экспедиция шараға қатысушы командалар арасында туристік жорықтар категориясы (1-3 күрделі категориялар) және қорғау жобасы (туристтік жобаның есебі)негізінде өтеді.

Экспедиция бағдарламасы Алматы мен Алматы облысы аумағында (Іле Алатауының бөктерлері мен тау етектерінде) өтетін спорттық категориялы жорықтартан, жарыстардан, турнирлер мен өлке тану шараларынан тұрады. Биыл экспедицияның базалық лагері ретінде Іле Алатауы ұлттық паркі аумағындағыа «АЛМАТАУ» туристік базасы таңдалды.

Экспедицияға қатысуға мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, қосымша білім жүйесінің, спорт мектептерінің Қазақстанның түрлі өңірлерінің қоғамдық туристік бірлестіктерінің және ТМД елдері мен шетелдік туристік ұйымдардың өкілдері шақырылған. Бұлардың барлығы дәрігерлік бақылаудан өткендер және категроия күрделілігіне орай тиісті туристік тәжірибе жинақтағандар.

Қатысушы командаларға тиісті сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен грамоталар табысталады. Экспедициялық жорықты ойдағыдай жүзеге асырғандар да марапатталады.

Туристік шара «Алматау» туристік базасында 26 шілдеде сағат 18.00-де ашылады. Салтанатты жабылуы 6 тамыцзда өтеді..

Экспедиция өтетін жерге журналистерді жеткізу қарастырылған. Экспедиция туралы қосымша мәліметті төмендегі байланыс желілері арқылы алуға болады.

Өзіңіздің қатысатыныңызды мына электорнды пошта арқылы растаңыз:

almatytourism@list.ru экспедицияның ашылуына белгісі болғаны жөн.

Шараға қатысты бюайланыс жасайтындар:

Қуатбекова Жанар Аманжолқызыовна - 87025985072;

Шестернин Валерий Афанасьевич - 87015573346;

Налибаева Гүлзира Боранбекқызы - 87478669893;

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56