^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 21 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматыда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбын үздік жариялау байқауы жалғасуда

Алматыда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбын үздік жариялау байқауы жалғасуда

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы қала клиникалары Ассоциаци ясымен бірігіп ҚР азаматтарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбын насихаттау барысында журналистер арасында үздік жарияланымдар бойынша байқау өткізеді.

Жүлделік қоры 3 миллион теңге болатын к онкурс 2017 жылдың 1 шілдесінен 1 желтоқсаны аралығына дейін мына номинация лар бойынша өтеді:

1. Үздік репортаж

2. Үздік телебағдарлама

3. Ерекше белсенді ақпараттық басылым

4. БАҚ бетіндегі үздік мақала

5. Радиодағы үздік хабар

6. Әлеуметтік желідегі үздік басылым

Байқау қорытындысы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында шығады. Мемлекеттік және орыс тіліндегі үздік шығармалар авторлары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Қаланың Денсаулық сақтау басқармасы МӘМС тақыбын бұқара расында қолжетімді форматта насихаттауды ұсынады.Басқарма жаряиланымдар тақырыптарын жүйелі түрде ұсынып отырады.

МӘМС тақырыбының күнделікті 10 маңызды тақырыбы:

1. «МӘМС және тегін медицина» - МӘМС енгізілгеннен кейінгі медициналық көмек – Мадеева Жанар Акылбекқызы, б.т. – 274-96-88;

2. «МӘМС және жедел жәрдем » - МӘМС аясында экстрен ді және жедел жәрдем көрсету , спикер – Немтина Наталья Владимировна – 297-60-71;

3. «МӘМС кезінде қалай босануға болады ?» - МӘМС енгізілгеннен кейін босанатын үйлерді таңдау , спикер – А ғы баева Фарида Әубәкірқызы , – 242-56-40;

4. «МӘМС және оқушы » - МӘМС енгізілгеннен кейін балаларға медициналық көмек көрсету , спикер – То қ молданова Роза Оразба йқызы , т. – 238-30-39;

5. «МӘМС мен кіммін » - МӘМС кезінде қала тұрғындарының мәртебесін анықтау , спикер – Ә беуова Ж ә миля Сана ққызы, .т. – 386-59-49;

6. «М ӘМС кезіндегі сақтандыру » - МӘМС қорына қаржы аудару және мәртебені түсіндіру , спикер – Рамазанов Манас Емберген ұлы , – 270-90-40;

7. «МӘМС қорына мен үшін кім қаржы төлейді ?» - МӘМС қорына қаржы аудару жолдарын түсіндіру , спикер – Кенжебаева Жанар Болат қызы, т. - 275-53-90;

8. «МӘМС және т уберкулез» - туберкулез дертіне шалдыққандарға медицналық көмек көрсету, спикер – Сералин Ержан Болатбек ұлы, т. – 273-35-72;

9. «МӘМС кезінде аурухана қала түседі ?» - МӘМС кезінде стациноарлық көмек көрсету жолдарын түсіндіру , спикер – Садыков Болат Н ұ рмырза ұлы ,т. – 264-75-54;

10. «МӘМС кезінде менің дәрігерім кім ?» - емханаға тіркелу және учаскелік дәрігерді таңдау , спикер – Иг і с і нова Қ ырмызы Қ ази қызы , т. –
379-44-77.

« БАҚ, конкурс жұмыстары » белгісі бар жарияланымдарды мына электронды мекенжайға www.almatyzdrav.kz, kenesbayeva@dzalmaty.kz . жіберу қажет. Барлық жұмыстар Денсакулық сақтау басқармасы мен қала клиникалары Ассоциациясының сайттарында жарияланады. Байқау жюриі байқауға түскен материалдарды үнемі саралайды.

Назарларыңызға, байқауға түскен жұмыстар төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:

  • Барынша көп қаралған және кеңінен таралған жарияланымдар;
  • МӘМС маңызды екенін жете түсіндірген материалдар;
  • Әділ және нанымды материал дар ;
  • Тақырыпты кеңінен ашу ;
  • Жаңашыл әрі актуаль ді ақпараттар ;
  • Материалды ерекше сипаттаған автор ;
  • Байқау тақырыбын жүйелі әрі үнемі насихаттау ;
  • Мақаланың байқаудың міндеті мен мақсатына сай болуы .

Журналистер арасындағы конкурс тың ережесімен Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының сайтынан : http://almatyzdrav.kz/konkurs/End_of_vote.php?bitrix_include_areas=Y&clear_cache=Y таныса аласыздар

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56