^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 18 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Инновациялық жобаларды қаржыландыру гранттарының жаңа көлемдері белгілі болды

Инновациялық жобаларды қаржыландыру гранттарының жаңа көлемдері белгілі болды

Алматыда «Технологиялық дамудың Ұлттық агенттігі» АҚ басқармасының төрағасы Марат Омаров бизнес, ЖОО және ҒЗИ өкілдерімен кездесіп, инновациялық жобаларды қаржыландырудың жаңа ережесіне сай тегін берілетін жаңа қаржы көлемдерімен таныстырды.

« Біз бизнес - процесстердің реинжиниринг ін өткіздік, гранттар бөлудің шарттарын жетілдірдік. Е гер бұрын бизнеске қатысы жоқ әрі түпкі өнім шығаруға әсер етпейтін гранттың 9 түрі болса, қазір олар 3 топқа біріктірілді және жобаларды қаржыландыру лимиті артты» – деді Марат Омаров.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық жағынан дамытуға жаңа ереже бойынша берілетін көлемі лицензиялық келісім бойынша негізгі шығындардың 70% -на дейін немесе жабдықтар алу үшін 50% -на дейін беріледі, ақшаға шаққанда 400 млн. те ңгеге дейін.

Грант тар заманауи трансферттер арқылы кәсіпорындардың технологиялық деңгейін арттыруға ықпал етеді, мұнда отандық және шетелдік озық технологиялар пайдаланылады.

Инноваци ялық гранттардың көлемі лицензиялық келісім бойынша негізгі шығындардың 70% -на дейін немесе жабдықтар алу үшін 50% -на дейін, кәсіпорынның технологиялық кәсібилігін арттыру үшін 85% -на дейін беріледі, ақшаға шаққанда 500 млн. те ңгеге дейін.

Грант тар заманауи трансферттер арқылы кәсіпорындардың технологиялық деңгейін арттыруға ықпал етеді, мұнда отандық және шетелдік озық технологиялар пайдаланылады және үздік білім мен шеберлік те ескеріледі.

Технологияны коммерциализаци ялау грантының көлемі негізделген шығындардың 50% -на дейін өтеледі, ақшаға шаққанда 200 млн. те ңгеге дейін.

Грант тар жеке өндіріс орындарына ғылыми- техникалық жаңалықтарды енгізу үшін де беріледі.

М. Оспанов инноваци ялық грант тардың бірігіп қаржыландыру қағидасы бойынша тегін берілетінін айтты.

Гранттық қаржыландыру оң әлеуметтік- экономикалық динамиканы көрсетеді. Ақпаратқа сүйенсек, 2014 жылдан 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін инновациялық гранттар бөлудің арқасында 2 773 жұмыс орны құрылған, 7,6 млрд теңге салық төленген, 131,4 млрд. теңгенің жалпы өнімі шығарылған.

Жалпы, 2011 - 2016 жылдар аралығында құны 12,2 млрд. теңге болатын 328 келісім жасалған, соның ішінде 2016 жылы құны 1,9 млрд. теңге болатын 66 келісім жүзеге асқан.

Назарларыңызға, инновациялық грант алу өтініші биылғы жылдың 2 тамызы мен 2 қазаны аралығында қабылданады, өтінішті www.digital.baiterek.gov.kz электронды пошщтасы арқылы немесе Қонаев көшесі,12/1 мекенжайдағы «На Водно-зеленом бульваре» астаналық бизнес орталыққа қағаз түрінде беруге болады..

«Бәйтерек»Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ның құрылымына енетін «Технологиялық дамудың Ұлттық агенттігі» инновациялық даму процесстерін үйлестіру және мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру үшін құрылған.

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және индустриал ды –инноваци ялық даму басқармасы

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56