^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 23 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Шевченко мен Құрманғазы көшелерінде көлік қозғалысы өзгереді

Баспасөз-релиз

Шевченко мен Құрманғазы көшелерінде көлік қозғалысы өзгереді

Алматы қаласының кіші көлік айналымы шекарасында көлік қозғалысын ұйымдастырудың Кешенді сызбасы негізінде әрі мүдделі қоғамдық және мемлекеттік органдары өкілдерімен кеңінен талқылай келіп, көлік қозғалысы өзгеретін көшелерде жөндеу жұмыстары жүруде.

Алматы қаласында Шевченко көшесі бойымен Достық даңғылы учаскесінен Жароков көшесіне дейін жөндеу жұмыстарының аяқталуына орай батыс бағыт бойынша біржақты көлік қозғалысы ұйымдастырылады, оңтүстік бөлігінде Қонаев көшесінен Жароков көшесіне дейін веложолдар болады. Көліктің біржақты қозғалысын толық ұйымдастыру биылғы жылдың 1 қыркүйегінде жүзеге асады, ал 8 қыркүйекте жөндеу жұмыстары аяқталған соң Құрманғазы көшесі бойымен Мұқанов көшесінен Достық даңғылына дейін шығыс бағытта көлік қозғалысы біржақты болады.

Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен Өтеген батыр (Раимбектен Қабдолов көшесіне дейін) көшесінен; Қабдолов көшесі бойымен (Өтеген батырдан Алтынсарин көшесіне дейін) және Алтынсарин көшесі бойымен көліктер жеке жолақтар арқылы жүреді.

Жол көлігі қозғалысын осылайша ұйымдастыру жеке нүктелердегі көлік жүктемесін азайтады, апатты жағдайлардың алдын алады. Абай даңғылында көлік жүктемесі 15%-ға дейін қысқарады.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56